Аудан жаңалықтары

Ардагерлерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады

Ұлы Отан соғысы ардагерлерін ардақтау парыз. Елі мен жері үшін майдандаласында ерлікпен ұрыс көрсеткен ардагерлеріміз нұрлы болашақ жолында каһармандық қасиет танытты. Қаңғырған оқ пен танкінің гүрсілінің астында халқы үшін күрескен сол кездегі жас сарбаздар қазір үбірлі-шүбірлі болып, өткен-кеткенді еске алып, бақытты қарттықтың балдәурен шағында отыр.   

Осы ретте, Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерейтойына орай Үржар, Келдімұрат, Ақжар, Ер Қабанбай ауылдық округтерінде тұратын Салманов Иван Ефимович, Махтеев Иван Эмельянович, Алтынхан Өміржанов, Қуандық Қабзолданов есімді ардагерлерге облыстық бюджет есебінен 542000 теңге, аудандық бюджет есебінен 100000 теңгенің сертификаты берілді. Сонымен бірге, сыйлық жәшігі мен аудан әкімінің алғыс хаты табыс етілді.