Аудан жаңалықтары

«Супер әке» аудандық байқау өткізілді

ҚР Отан қорғаушылар күніне орай, Жастар жылына арналған, жас отбасының мәртебесін көтеруге бағыттау мақсатында аудандық мәдениет үйінде жас әкелер арасында «Супер әке» атты байқау ұйымдастырылды. Байқау 5 турдан тұрды: «Отбасым- тірегім» таныстыру кезеңінде 3мин. бейнеролик көрсету, «Тапқыр әке» зияткерлік сайыс, сұраққа жауап беру, «Қызым-қызғалдағым» шаш үлгісін жасау және қорғау, «Күшті әке» спорттық сайыс, «Өнерлі отбасы» отбасымен өнерін көрсету. Байқаудың қорытындысы бойынша:

Бас жүлде- Исмаилов Ролан- Көктал ауылдық клубының мәдени іс-шараларды ұйымдастырушысы;

1 орын- Мағауиянов Архат- аудандық мәдениет үйінің әртісі;

2 орын- Шаяхметов Дарын, Шакенов Серік- аудандық мәдениет үйінің әртістері;

3 орын- Дүйсенов Айдын, Ықыласов Сұңқар- аудандық мәдениет үйінің әртістері иеленді.

Жеңімпаздар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Андасованың атынан Грамота мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.