Аудан жаңалықтары

Ержан Жұмабектің әдеби кеші өтті

03 сәуір күні ақын, докторант, "Серпер" сыйлығының иегері, Мәдениет саласының үздігі, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы, Қазақстан ұлттық арнасы өткізген "Аламан айтыс", "Қазақстан чемпионаты" айтыстарының жүлдегері, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жарық көрген "ШЕКСІЗДІК ШҰҒЫЛАСЫ", «Түркия ŞÛLESI» атты кітаптардың авторы, Үржар ауданының құрметті азаматы Ержан Жұмабек ауданымыздың Мәдениет үйінде «Бақстан баласы» атты кешін өткізді.

"Рухани  жаңғыру" бағдарламасы мен және «Жастар» жылы аясында өткен кешке Қазақстан Республикасының  Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облыстық  филиалының басшысы, Өскемен қаласының "Құрметті азаматы" Әлібек Қантарбаев, елімізге  белгілі қаламгер, танымал ақындар Жабайыл Бейсенов,  Қайрат Кәмей, Амантай Оспановтар қатысып, жас ақынға әкелік, ағалық баталарын беріп, өлең жолдарын арнады. Сонымен бірге, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Ержан Жұмабектің туындыларын шырқап, қойылымдар қойды. Үш сағатқа жалғасқан кеш соңында өлеңдерін «Фейсбук»  әлеуметтік желісінде  мәнерлеп оқыған студенттер мен оқушылардың арасында  өткен Республикалық поэзия марафонының жеңімпаздары марапатталды.