Аудан жаңалықтары

Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

1 мамыр – «Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесі Үржар ауылындағы орталық стадионда әртүрлі ұлттардың өкілдері болып киінген мекемелер мен еңбек ұжымдарының шеруі ұйымдастырылды. Бірлік пен берекеге бастайтын бұл күнді барша отандастарымыз Ынтымақ, Еңбек, Бейбітшілік мерекесі ретінде ерекше мерекелейді.

Мерекелік шара аудан басшылығының құттықтауымен басталып, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан концерттік бағдарлама ұсынылды.

Мерекелік шара жалпыхалықтық серуенмен аяқталды.      

Аудандық ішкі саясат бөлімі