Аудан жаңалықтары

Он отбасына баспана берілді

«Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы шеңберінде ауданымызда жарияланған «Жан жылуы-жанұяға» акциясы аясында Науалы ауылының тұрғыны көп балалы ана Сарбиева Гүлжанар Садыққызына баспана сыйға тартылды. Гүлжанар Садыққызы 6 баланы тәрбиелеп отырған, «Күміс алқа» иегері. Үйдегі жолдасы денсаулығына байланысты жұмысқа қабілетсіз. Бүгінде бұл отбасы мемлекеттен жоғарлатылған жәрдемақы алып отыр.

Сол күні дәл осындай санаттағы Бестерек ауылынының тұрғындары, көп балалы аналар Нұрекеева Әйгерім Кәрімжанқызы мен Смайлова Әйгерім Қайратқазына баспаналар алып берілді. Бүгінде ауданда көлемінде 10 отбасына баспана беріліп, аталмыш санаттағы аналар мемлекеттен көтермелі жәрдемақы алып отыр.