Аудан жаңалықтары

Жемқорлықпен күрес!!!

Жемқорлық бұл дамыған қоғамның жүйелілікпен үздіксіз түрдегі зерттеуді және жедел әрекет етуді талап ететін жағымсыз көріністерінің бірі. Жемқорлықтың деңгейімен ауқымы мемлекет экономикасының дамуына кедергі келтіреді, инвестициялық қызметке кері әсер етеді сонымен қатар мемлекеттің дәрежесін төмендетеді.

Қазақстан үшін жемқорлықты жеңу мемлекееттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Жемқорлықпен күресті күшейту әлем бойынша үздіксіз және жаңаланған бағыттарда жүргізілуде. Себебі, барлық мемлекеттер үшін тиімді болатын, жемқорлықтың алдын алып, жоятын бірегей механизмдер жиыны жоқ. Жемқорлықпен күрес жүргізуге бағытталған жұмыстарды әр мемлекет өзі таңдайды, ол бірегей және тек қана мемлекеттің саяси және экономикалық жағдайының тұрақтылығына ғана байланысты болмайды, сонымен қатар жер көлеміне, халық санына, құқықтық мәдениетіне, діни ерекшеліктерге, салт-дәстүрге де байланысты болуы керек.

Экономиканы жаңғырту және көлемді әлеуметтік түрлендіру барысында Қазақстанда жемқорлықпен күрестің жаңа бағыттына деген сұраныстың туындағаны айқын болды.

Осыған орай Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдар аралығында жемқорлықпен күрес стратегиясы қабылданған.

Аталған стратегияның мақсаты мемлекеттің жемқорлықпен күрес жұмыстарын тиімді ету, Қазақстан болып жатқан жемқорлық фактілері бойынша қоғамдағы жемқорлыққа деген төзімсіздік атмосферасын туғызу.