Аудан жаңалықтары

Достар!

Цифрлық технологиялар дәуірінде біз қызметтерді электрондық форматта қолдануға шақырамыз. Халқымыздың 64 % смартфон қолданатынын ескерсек, қалтаңыздағы гаджет сізге халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ қажетті анықтаманы алуға көмектесе алады. Қалай? 
Егер сіз телеграм мессенджерін ұялы телефоныңызға көшірген болсаңыз, онда 👆.
✏️ @EgovKzBot ботын тауып, ондағы «старт» тетігін басасыз
✏️мәзір арқылы телефон нөмірін жібересіз
✏️қажетті анықтаманы таңдап, алынған SMS-код арқылы сұрауды растайсыз
✏️сұратқан анықтама дайын болған жағдайда оны жүктеуге немесе қалаған электрондық поштаңызға жіберуге болады.
Бүгінгі күні бот арқылы 24 қызмет түрін алуға болады. Сұранысқа ие қызметтердің ішінде мекенжай анықтамасы, негізгі зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпаратты алу, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтаманы алу, ХҚО-ға баратын кезде кезекті брондау сияқты қызметтер бар. *** Телеграм ботты пайдалану үшін «Мобильді азаматтар базасында» тіркелу қажет. Ол үшін ХҚО қызметкерлері сіздің телефон нөміріңіз бен жеке сәйкестендіру нөміріңізді байланыстырып, базада тіркейді.