Аудан жаңалықтары

"Үржар ауданының білім бөлімі"ММ конкурс жариялайды

"Шығыс Қазақстан облысының Үржар   ауданының  білім  бөлімі" мемлекеттік мекемесі  Қазақстан Республикасы білім  және  ғылым  министрлігінің  «Мемлекеттік  орта  білім  беру  ұйымдарының басшыларын  конкурстық  тағайындау қағидасын бекіту туралы» 2012 жылғы 21 ақпанындағы №57 бұйрығының  негізінде келесі білім беру мекемелерінің директорлық лауазымдық қызметіне КОНКУРС  ЖАРИЯЛАЙДЫ:

1.ШҚО,Үржар ауданы, Бестерек ауылы, «КММ "М. Хасенов атындағы Бестерек орта мектеп- бақша және мектеп жанындағы итернат"  КММ директоры,

2.ШҚО, Үржар ауданы, Лайбұлақ ауылы, "Лайбұлақ орта мектеп-бақша" КММ-нің директоры

3. ШҚО, Үржар ауданы, Жаңа тілек ауылы, «КММ "Әуезов атындағы орта мектебі" КММ-нің директоры

4. ШҚО, Үржар ауданы, Көкөзек ауылы, «Көкөзек орта мектеп-бақша» КММ-нің директоры

5. ШҚО, Үржар ауданы, Қаратұма ауылы,  «Қаратұма орта мектеп-бақша» КММ-нің директоры

6.ШҚО, Үржар ауданы,Қабанбай ауылы, «Жарбұлақ орта мектебі» КММ-нің директоры

7. ШҚО, Үржар ауданы, Ақшоқы ауылы, «Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектебі» КММ

8.ШҚО, Үржар ауданы, Шолпан ауылы, «Жүзағаш орта мектеп-бақша» КММ-нің директоры

9. ШҚО, Үржар ауданы, Таскескен ауылы, «Алтынсарин атындағы орта мектеп-бақша» КММ-нің директоры

Лауазымдық жалақысы: Еңбек сіңірген жылдарына байланысты 107 797–ден  137 484-ке теңгеге дейін

Конкурсты өткізу  мерзімі :  Хабарландыру  жарияланған күннен бастап  7  жұмыс күні  өткен  соң  белгілейді.

Конкурс  өткізілетін  орын : Үржар аудандық  білім  бөлімі мемлекеттік  мекемесі

Мекеменің  мекен  жайы: ШҚО, Үржар  ауданы, Үржар  ауылы, Жамбыл көшесі   №19, 2- қабат.

Мекеме  басшысын  таңдауда  қойылатын  біліктілік  талаптары:

Жоғары  білімі (педагогикалық)  немесе жоғары білімнен кейінгі білімнің болуы (педагогикалық немесе бейіні бойынша), педагогикалық    жұмыс  өтілінің бес  жылдан  кем  болмауы, оның ішінде басқарушылық  лауазымдағы жұмыс өтілінің бір жылдан кем  болмауы, (шағын жинақты  мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді),  бірінші  немесе  жоғары  біліктілік санатының және (немесе) «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» санатының  болуы (мемлекеттік қызметшілерді, техникалық және кәсіптік , орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, әдістемелік қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда), денсаулық жағдайы туралы анықтама, соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама. Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді. Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді. Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады. Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы", "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Арнайы әлеуметтік қызмет туралы", "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі, орны:  «Уақыт тынысы», «Пульс  времени» газетіне конкурс өткізу жөнінде хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде мына мекен-жайға өткізілуі тиіс: Үржар ауылы, Жамбыл көшесі №19, білім бөлімі, «Үржар аудандық білім бөлімі» ММ, 2 қабат, 1 кабинет, анықтама  байланыс телефондары:3-54-18 ,  кадрлар бөлімі. Комиссия  белгілеген  мерзімде  конкурсқа  қатысу  үшін басшы лауазымына  кандидат:      

1.      Конкурстық  комиссия  төрағасы  атына  тіркеу  орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсетумен  қоса  өтініш;

2.      Жеке  тұлғаны  куландыратын  құжат  көшірмесі ;

3.      Білімі туралы құжат  көшірмесі ;

4.      Еңбек  кітапшасының көшірмесі ;

5.      Кадр  қызметі  куәландырылған  фотамен  кадрды  есепке алу  жөніндегі  жеке  парақ ;

6.      Бар  жазалар  мен  көтермелеулерді  көрсете  отырып  бұрынғы  жұмыс  орнынан өндірістік  мінездеме ;

7.      Біліктілік санат  немесе  ғылыми  дәрежесі туралы құжат  көшірмесі ;

8.      Медициналық  куәландырудан  өтуі  туралы  құжат ;

9.      Сотты  болмағандығы  туралы анықтама  ұсыну  қажет

10.   Тестілеуден өткендігі туралы анықтама

11.  Мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары

Ұсынылатын құжаттардың көшңрмелері білім беру ұйымының жауапты қызметкері немесе кадр қызметінің тарапынан куәландырылады.

Аталған  құжаттардың  бірінің  болмауы  кандидатты  конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

Конкурсқа  қатысуға  кандидат комиссия  қарауына  өзінің  кәсіби  жетістіктері, біліктілігін  арттыру, ғылыми  зерттеулер, өзінің  педагогикалық  тәжрибесін  қорытындылау, наградалары туралы қандайда  болмасын  деректі  расталған ақпаратты  ұсынуға  құқылы.

Білім бөлімі басшысы  С. Жунусова