Аудан жаңалықтары

Зияткерлік меншікті қорғау

9 қазанда Үржар аудандық әділет басқармасының ұйымдастыруымен  Дүниежүзілік экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы бойынша көрсеткіштерді жақсарту мақсатында «Фирмалық атау-зияткерлік меншіктің нысаны» тақырыбында Үржар аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізілді.

Кездесу барысында мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның ДЭФ ЖБҚИ рейтингінде позициясын жақсарту мақсатында саясатын, зиякерлік меншік құқығын тіркеу, зияткерлік меншік объектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу мәселелері қаралды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының ӘҚБК-нің «Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану» туралы 158 бабының талаптарының бұзылуын болдырмау мәселесі кеңінен талқыланды.

Семинар сонында  барлық қойылған сұрақтарға  толыққанды жауап қайтарылды.

Үржар аудандық әділет басқармасы