Аудан жаңалықтары

Электронды мемлекеттік қызмет көрсету жайлы дөңгелек үстел

8 қазан күні Үржар аудандық Әділет басқармасы құқықтық түсіндіру жене халыққа заңгерлік көмек көрсету қызметі бойынша қазан айының жоспарын орындау мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ШҚО бойынша филиалының жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Үржар аудандық бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен «Электронды мемлекеттік қызмет көрсету» атты тақырыпта дөнгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында басқарма басшысы Салтанат Селиханова мемлекеттік қызмет көрсетуді сапалы және өзара қамтамасыз ету жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғалардың қайта тіркеу және қызметін тоқтатуын туралы қызмет алушылардың өтініштерін электрондық үкімет порталы арқылы саның көбейту туралы түсіндірді.

Іс – шара соңында қатысушылар пікірлерімен бөлісіп, қойылған сұрақтарына жауаптарын  алды.

Үржар аудандық әділет басқармасы