Аудан жаңалықтары

Шекара маңындағы аудандар тұрғындарының назарына!

Ағымдағы жылдың 4 мамырында № 151-VI «Жер қатынастарын реттеу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңды актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) қол қойылды.

Аталған Заң Жер ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар өзгерістерді қарастырады. Осы өзгерістерге сәйкес:

В соответствии с этими изменениями:

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық белдеуінде орналасқан жер учаскелері жеке меншікке және уақытша жер пайдалануға берілмейді;

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық белдеуі шегінде орналасқан ауыл шаруашылығы алқаптарын халықтың қандай да бір ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) тұрғызу құқығынсыз, жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю және шөп шабу үшін пайдалануына жол беріледі;

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық аймағында орналасқан жер учаскелері шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғаларға және шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына меншік құқығымен тиесілі болмайды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық аймағы шегінде орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін, шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына уақытша жер пайдалану құқығымен беруге рұқсат берілген.

Одан басқа, Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен неке қиған (ерлі-зайыпты болған) кезде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық аймағында және шекаралық белдеуінде орналасқан жер учаскелеріне меншік құқығы қайта ресімделуге немесе иеліктен шығарылуға, ал Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық аймағында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша жер пайдалану құқығы иеліктен шығарылуға жатады.