Аудан жаңалықтары

Үржар аудандық әділет басқармасымен дөңгелек үстел өткізілді

02 қазанында Үржар аудандық әділет басқармасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ШҚО бойынша филиалының жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Үржар аудандық бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласында заңнамалық актілер нормаларын түсіндіру» атты тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Шараның мақсаты мемлекеттік қызмет көрсету көрсеткішін жақсарту, заңды тұлғаларды тіркеу саласында қолданыстағы заңнамалардың сақтау, өтініштерді қабылдау барысында бас тартулардың санын азайту құзырлы органдармен заңды тұлғаларды тіркеу, қайта тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу тәртібі түсіндірілді. 

Қатысушыларға заңды тұлғаларды электрондық тіркеу саласындағы ҚР заңнамалық актілеріне енгізілген жаңа ережелер түсіндірілді.

Үржар аудандық әділет басқармасы