Аудан жаңалықтары

Азаматтық  форум  өткізілді

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күні Үржар аудандық тарихи-өлкетану музейінің мәжіліс залында аудандық азаматтық форум өткізілді. Форум жұмысы «Аудан көлемінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда азаматтық қоғам өкілдерінің рөлі» атты тақырыпта ұйымдастырылды.

Форумға ардагерлер кеңесінің өкілдері, жастар ұйымының төрағалары, аналар кеңесінің төрайымдары, қоғамдық бірлестіктер, «Нұр Отан» партияның белсенді  мүшелері шақырылды. Сонымен бірге мемлекеттік мекемелер, мектептер, БАҚ өкілдері қатынасты. Азаматтық қоғам өкілдері Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдайтындықтарын және оны тұрғындарға түсіндіруде мемлекеттік органдармен бірігіп жұмыс атқаратындықтарын білдірді.  Шара барысында белсенді азаматтық қоғам өкілдері аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Үржар аудандық ішкі саясат бөлімі