Аудан жаңалықтары

Жемқорлықпен күрес басым  бағытымыз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  мемлекетіміздің бірінші кезекті мәселесі әрі басты стратегиялық бағыты болып табылады. Бүгінге дейін  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында мемлекетіміз жүргізген жүйелі және дәйекті саясаттын арқасында бірсыпыра он нәтижелерге қол жеткізгені байқалып отыр.

Үржар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметі өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, онымен күресу, анықтау, жолын кесу, кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардын  жемқорлықпен күрестегі тиімді қызметін қамтамасыз етуді көздейді.  Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары  салық төлеушілер  арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлық құқыбұзушылық жасауға себепші болатын жағдайлар мен себептерді анықтау, сонымен бірге, жемқорлық көріністеріне төзбеушілік мінез-құлқын қалыптастыруға  жүйелі және кешенді жұмыс жүргізу бойынша әрекеттерді  қызметтерінің басым бағыты ретінде ұстанады.

Сыбайлас жемқорлық құқыбұзушылықтарды анықтауға бағытталған,  кірістер органдарының лауазымды тұлғалардың қызметпен байланысты құқыққа қарсы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді орындау мақсатында, Шығыс Қазақстан  мемлекеттік кірістер департаментінде  ішкі қауіпсіздік бөлімшесі жұмыс жасайды.

Сондай-ақ Үржар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне қатысты олар жасаған лауазымдық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және олардың қызметтік этиканы сақтамауы жағдайларын анықтау мақсатында  аудан бойынша 3-51-71  сенім телефоны жұмыс істейді.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.