Аудан жаңалықтары

Атаулы әлеуметтік көмек мемлекеттік қызметінің -  жаңа форматы

Халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның жергілікті атқарушы органы, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және Халықты жұмыспен қамту туралы заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құрылған мемлекеттік мекеме.

2018 жылдан бастап күнкөріс төмен отбасыларына берілетін жаңа форматтағы Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, шешім жобасын жасау Халықты жұмыспен қамту орталығына жүктелді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы осы уақытқа дейін қолданыста болған: көпбалалы отбасыларына арнайы мемлекеттік жәрдемақы, аз қамтылған отбасыларына арналған 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысы және де аз қамтылған үй шаруашылығына берілетін атаулы әлеуметтік көмектерді біріктіріп бір ғана көмек түрі енгізілді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа айлық табысы белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасына берілетін шартты немесе шартсыз көмек түрі.                     Шартты әлеуметтік көмек жалғыз тұратын күнкөрісі төмен еңбекке жарамды адамға, сонымен қатар құрамында еңбекке қабілетті азаматтары бар аз қамтылған отбасыларына көрсетіледі. Елбасымыз жолдауында атап өткендей «Еңбекке қабілетті әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтар үшін берілетін қаржылай көмек олар жұмыспен қамту шараларына қатысқан жағдайда ғана қолжетімді болады»

Шартты ақшалай көмекті уәкілетті орган келісімшарттың қолдану мерзіміне (6 айға дейін) тағайындайды және де әлеуметтік келісім шартта белгіленген кезеңге ай сайынғы немесе бір жолғы төлем ретінде төленеді.

Шартсыз ақшалай көмек отбасы құрамында еңбекке жарамды мүшесі жоқ немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға мүмкіндіктері шектеулі күнкөрісі төмен аз қамтылған адамдармен отбасыларға  көрсетіледі.

Шартсыз ақшалай көмек алдағы тоқсанға тағайындалады және де ай сайын төленеді.

Үржар ауданында 2018 жылдың І тоқсанында аз қамтылған 1660 отбасымен сұхбат жүргізіліп соның ішінде 374 отбасы  жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірді. Өтініш білдерген отбасылардың ішінде 346 отбасына АӘК  тағайындалды, 27 отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен асып кетуіне және 1 отбасының құжаты толық болмауына байланысты АӘК тағайындаудан бас тартылды.

Ауданымыздың ауылдық округтерінде күнкөрісі төмен отбасылармен сұхбат жүргізіп кедейлік шегінен шығуға жәрдемдесетін Халықты жұмыспен қамту орталығының ассистентері бар. Халықты жұмыспен қамту орталығында аз қамтылған отбасылармен әңгімелесу жүргізіп құжаттарды қабылдайтын арнайы  консультантпен мамандары  бар.

Халықты жұмыспен қамту орталығының жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек бойынша жауапты мамандары:

Маман Шаукарова Гүлбақыт Мейраткалиевна, маман Даутова Айдана Ардаққызы, әлеуметтік сала бойынша консультант Мұқаметжанова Айдана Аманғазықызынан атаулы әлеуметтік көмек туралы сұрақтарыңыз бойынша 8(72230) 5-51-48, 3-20-13 телефон номерлеріне  хабарласып ақпарат алуға  болады.

Үржар ауданы әкімдігінің халықты
жұмыспен қамту орталығының директоры Б. Галиев