Аудан жаңалықтары

Үржар аудандық әділет басқармасында  Дүниежүзілік зияткерлік меншік күнін мерекелеу барысында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді

Ағымды жылдың 24 сәуірінде Дүниежүзілік зияткерлік меншік күнін мерекелеу барысында,  Үржар  аудандық әділет басқармасы халыққа зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелері жөнінде  «Ашық есік күнін» өткізді.

 Өткізілген шара үстінде, авторлық құқығын тіркеу туралы, авторлардың объектілері мен  олардың  шығармаларын пайдалану құқығы және авторлық құқығын бұзғаны үшін жауапкершілігіне тарту  жөнінде, зияткерлік меншік саласында құқық бұзуын алдын алу және авторлық шығармаларын пайдалану туралы лицензиялық шартын тіркеу сұрақтары  бойынша   7-ден астам азаматтарға  кеңес берілді. 

Келгендердің бәріне құқықтық көмек көрсетілді. Барлық сұрақтарға тиісті жауап берілді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз- қызметі