Аудан жаңалықтары

«Дағдыны қалыптастыру баспалдағы- жаңа білім»

Үржар ауданы «Қарақол орта мектеп бақшасында» Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында  «Дарындылар елі» бағыты бойынша  «Дағдыны қалыптастыру баспалдағы- жаңа білім » тақырыбында  аукцион сабағы  өтті.

Аукционда оқушылардың көрсеткен  нәтижесі бойынша  өзіндік ойлау, есте сақтау  қабілеттерін қалыптасқанын көрдік, білімге терең көңіл бөлгендері айқын көрініп тұрды. Оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, топтарда тез жұмыс істеу дағдыларын дамыту  көзделді.

Аукцион-сабағы білім биржасы сайыс түрінде өткізілді. Аукцион сабағын 8 сынып жетекшісі Н.Келдыбекова өткізді.

Сынып екі топқа бөлінді. Бірінші топ-«Бизнесмен», екінші топ- «Банкирлер».  Білім биржасында математика, физика,информатика пәндерінен тапсырмалар алынып аукционға түсті. Сайыста  тапсырмалар сатып алынды, әрбір тапсырманың құны-10 евроға бағаланған 12 сұрақ қамтылды. Бірінші бөлімнің нәтижесінде «Бизнесмен» тобы өздерінің білімділігімен, алғырлығы арқасында 70 евро жинап алға шықты. Шешуші кезеңде 2 топта ортақ тапсырма берілді. Сол тапсырмаға әрбір топ алдыңғы кезеңде жинаған қорларынан ақша тікті. Нәтижесінде «Банкирлер» тобы тапсырманы дұрыс орындап өздері бәске қойған ақшасынан 2 есе артық евро жинап 100 евромен жеңіске жетті.

Сайыс нәтижесінде: оқушылар мейірімділікке, ұйымшылдыққа, экономикалық сауаттылыққа, әрбір істі сауатты орындауға тәрбиеленді.

Сайысқа қатысқандарды мектеп директоры Курмангалиева Бакыт Берикболовна құттықтады.