Аудан жаңалықтары

«Өнегелі өмірдің бастауы - ұстаздар»

2018 жылдың 16-17 ақпан күндері аудандық мәдениет үйінде  аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен жаңартылған білім беру жағдайында мектептің басқару жүйесін жетілдіру, мектеп ұжымының қоғамдағы кәсіби имиджін қалыптастыру, педагогтарда кәсіби - әлеуметтік ұстанымның қалыптасуына ықпал ету, білім жүйесінің дамуына мектеп ұжымының үлесін айқындау мақсатында аудан мектептері арасында  «Өнегелі өмірдің бастауы - ұстаздар» тақырыбында педагогикалық  байқау болып өтті.  Байқауды ұйымдастырудағы мақсат «Жалпы орта білім беретін үздік ұйым» атағына жоғары дәрежедегі басқару қызметіне жеткен мектепті анықтау болды.

Байқаудың 1-ші күні 21 шағын жинақты мектептер, 2-ші күні 22 толық жинақты мектептер қатысты. Байқауға  қатысушы мектеп әкімшілігінің  "Ұстаз-өзгерістер елшісі" жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында мектеп моделін қорғауы белгіленген критерийлер бойынша мектептің даму  жоспары, басқару стратегиясы, "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы: ЖШС "BMG» білім беру ресурстары, "E-gove.kz", "kundelik.kz" толтыру нәтижесі, жаңартылған білім бағдарламасын (критериалды бағалау) меңгерудегі білім сапасы мен нәтиже, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы: «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасы аясында «Отаным–тағдырым», «Өлкетану», «Саналы азамат» базалық бағыттары, балаларды әлеуметтік қорғау, құқықбұзушылықтың алдын алу, педагогикалық кадрлардың кәсіби деңгейі, шығармашылық сайыстарға қатысуы мен тиімділігі, мектептің материалдық-техникалық жағдайын нығайту, "Туған мектеп" жобасының жүзеге асуы және әр мектептегі педагогтардың бірыңғай киім үлгісі, команданы тақырып мазмұнына сай таныстыруы, ән, би өнерлеріне әділқазылар тарапынан  аса зор мән берілді. 

Аудандық  білім бөлімінің басшысы Жунусова Сауле Орынбайқызы   екі күнді жеке-жеке қорытындылап, аудандық кәсіподақ комитетімен бірлесіп, жеңімпаздарды  бағалы сыйлықтармен марапаттады.  Озық іс-тәжірибесімен  Б.Момышұлы атындағы орта мектеп пен Кішкенетау орта мектебі ««Жалпы орта білім беретін үздік ұйым» атағын иеленсе, жүлделі І орынды Жансүгіров, Абылай хан атындағы орта мектептер мен Жанай, Қайыңды мектептері иеленді. Байқау барысында мектеп моделін қорғауда тың идеяларымен көзге түскен мектеп директорлары, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары «Үлгілі директор», «Үлгілі оқу ісі жөніндегі орынбасар», «Үлгілі тәрбие ісі жөніндегі» бағамдарымен жекелей марапаттарға ие болды. Бұл байқау барша  ұстаздар қауымына ерекше көңіл күй сыйлап, қатысушылар «Ізденімпаз мектеп», «Зерттеуші мектеп», «Жаңашыл мектеп», «Өнерлі мектеп» деген атаулы бағамдарға ие болды.

Үржар ауданының білім бөлімінің басшысы С.Жунусова