Аудан жаңалықтары

«Ән шапағаты» атты қайырымдылық акциясы

Үстіміздегі 28 ақпан, 2 наурыз күндері Үржар аудандық және Мақаншы мәдениет үйлерінде «Ән шапағаты» атты қайырымдылық акциялары өткізілді. Қайырымдылық шаралардың мақсаты: Мақаншы ауылында тұратын, диагнозы- энцефолопотия, бас сүйегі үгітіліп, ми қабыршығы зақымдалған Жарылқасын Кәусарға және  жүйке тамырына зақым келген, сол жақ қолының шынтақ ұршығы сынған Қасен Советовқа көмек көрсету. Акциялар барысында мәдениет саласының әртістері концерттік бағдарламасын көпшілік назарына ұсынды. Құрылған комиссия мүшелері Жарылқасын Кәусар мен  Қасен Советовтың ата-аналарына акция бойынша жиналған 337 000 теңге қаржыны табыс етті.

Басшы  Ж.Андасова