Аудан жаңалықтары

«1 наурыз- Алғыс айту» күніне арналған концерт өтті!

ҚР Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1 наурыз күні  аудандық мәдениет үйінде «1 наурыз- Алғыс айту» күніне арналған «Бауырға басқанбыз, баршаның баласын» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты- адамдар арасындағы бір-біріне деген ізгілік қарым-қатынасты,  үлкенге құрмет, кішіге ізет, адамгершілікке, кеңпейілділікке тәрбиелеу. Аталған концерттік бағдарламада мәдениет үйінің әншілері жоғарғы деңгейде концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Олардың орындауындағы «Туған жер», «Атүчүм», «Криница», «Аққайын», «У нас в Казахстане», «Отан», «Ой, вишневом саду», «Бір ел болса» т.б әсем әндер, ал «Сонар», «Вдохновение», «Наз» би ансамблдерінің билері: «Хорезм», «Монғол биі», «Түрк  биі» көпшіліктің көңілінен шықты. Сонымен қатар концерттік бағдарлама барысында ЛЭД экраннан тақырыпқа сай бейнефильмдер, слайдтар көрермен назарына ұсынылды.