Аудан жаңалықтары

«Ал кәнекей, жігіттер!»

Алғашқы әскери дайындық сабақтарында жаңа әскери доктрина негізінде, «Мәңгілік ел» идеясы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жансүгіров атындағы орта мектебінде ақпан айының 21 жұлдызында алғашқы әскери дайындық пәні бойынша аудандық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыра отырып, оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету болып табылды. 10-11 сынып ұлдары арасында «Ал, қанекей, жігіттер!» сайысын алғашқы әскери дайындық пәні ұстазы Қ. Ақылбеков дене шынықтыру пәні мұғалімімен бірлесе отырып өткізді. «Азаматтық қорғаныс элементтерімен!» тақырыбында практикалық әдіс-тәсілдерін алғашқы әскери даярлық мұғалімі және мектеп медбикесі А.Нұрмұхаметова көрсете білді. Жасөспірімдер мен мұғалімдер Ауған ардагерлері Т.Альмухаметов, Т.Жақанов, А.Арқабаев ағаларымызбен кездесу барысында, ерлік жолдарымен танысып, әңгімелері арқылы үлгі – өнеге алды.