Аудан жаңалықтары

Ауданда идеологиялық актив өткізілді

Ағымдағы жылдың 9 ақпан күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтар күнгі Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына арналған идеологиялық актив өткізілді. Активке аудан әкімі С.Зайнулдин,  аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар жетекшілері, кәсіпкерлер, мектеп мүдірлері, емдеу мекемелерінің дәрігерлері, облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Активте Елбасы Жолдауының басым бағыттары, мақсаттары мен алдағы тұрған міндеттері туралы талқыланып, Елбасы Жолдауын насихаттауға арналған аудандық іс-шаралар жоспары, медиа-жоспары және ақпараттық-насихат тобының кестесімен таныстырылды.

Үржар ауданының әкімі С.Зайнулдин баяндама жасап, алдағы атқарылатын ауқымды жұмыстарға ерекше тоқталып, активті қорытындылады.

Үржар аудандық ішкі саясат бөлімі