Аудан жаңалықтары

«Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ актуалдандыру мәселесі бойынша дөңгелек үстел

08 қаңтар күні  Үржар аудандық Әділет басқармасы  Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің  Үржар аудандық бөлімінің өкілдерінің қатысуымен  «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ актуалдандыру мәселесі бойынша  дөңгелек үстел өткізді.

Кездесу барысында  Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің  Үржар аудандық бөлімінің басшысы Марат Айтказинов уәкілетті органдардың деректер базасымен салыстырудың нәтижелері туралы, «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорын актуалдандыруға, жылжымайтын мүлікке тіркелмеген құқықтарды анықтауға қатысты мәселелер туралы айтып кетті.

Әділет басқармасының басшысы Салтанат Селиханова құжаттарды қабылдау сапасы жөнінде ұсыныстар мен ЖМТ МДҚ-дағы қате ақпараттарды түзету бойынша нотариустардың жүгінулерінің тәртібі туралы, сонымен қатар, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу кезінде туындайтын мәселелер мен оларды шешу жолдары қарастырылды.

Дөңгелек үстелдің барысы бойынша қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Үржар аудандық әділет басқармасы