Аудан жаңалықтары

Казнаковка олимпиадасы

2018 жылы  8 қаңтарда «Абай атындағы орта мектеп-бақша»КММ –да «Казнаковка» олимпиадасы өтті. «Казнаковка» олимпиадасы ағылшын тілі, математика, физика және дене шынықтыру пәндері бойынша жүргізілді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты адамзат баласы кедергілерден өте отырып шыңдалатыны сияқты шалғайда орналасқан мектеп оқушыларын сапалы, тегін олимпиадаларға қатыстырып білім дәрежесін арттыру болды. Олимпиадаға аудан бойынша 727 оқушы қатысты. Олимпиада жоғарғы деңгейде ұйымдасқан түрде өтті. Олимпиаданың өз деңгейде өтуіне Абай орта мектебінің мұғалімдері үлестерін қосты