Аудан жаңалықтары

Жаңа 2018  жылды қауіпсіз қарсы алу

«Қауіпсіз Жаңа жыл» акция аясында Үржар ауданының төтенше жағдай жөніндегі бөлімі жергілікті полиция қызметімен бірлесіп Үржар ауылындағы «Қуаныш», Мақаншы ауылындағы «Ақан» орталық базарларында, сондай-ақ аудандағы сауда үйлерінде нұсқама өткізе отыра, пиротехниканың рұқсатсыз сату фактілерінің алдын алу бойынша рейдтер өткізді.

Аудандық төтенше жағдай жөніндегі бөлімі Сіздерге кез келген пиротехникалық бұйымнан өрт шығу немесе жарақат алу қауіпі бар екенін ескертеді. 

Сондықтан оны қолдану кезіндегі қауіпсіздік ең алдымен адамнын өзіне байланысты. Пиротехникалық бұйым сатып алған кезде міндетті түрде нұсқамасымен танысыңыздар, ол әр бұйымда болуы керек. Егер ондай ақпарат жоқ болса, бұйым сертификатталмаған дегенді білдіреді және оны пайдаланған өте қауіпті. 

Бұйымда қауіптің деңгейі, жарамдылық мерзімі көрсетілуі тиіс. Орамасының бүтіндігін, қабының және білтесінің бұзылмағандығын міндетті түрде тексеріңіз.

Қатаң түрде тыйым салынады:

-  тұтанған пиротехникалық бұйымды қолда ұстауға;

-  тұтанған, жанып болған пиротехникалық бұйымның және ол тұтанбай қалған жағдайда үстінен еңкейіп қарауға;

-  пиротехникалық бұйымдарды адамдарға қарай, және олар келіп қалуы мүмкін орындарға бағыттауға;

-  пиротехникалық бұйымдарды үй-жайдың ішінде пайдалануға;

- пиротехникалық бұйымдарды ғимараттардың, құрылыстардың, ағаштардың, электржелілерінің, жиналған шөптің маңында және қауіпті аймақтың радиусынан жақын жерде пайдалануға.

Үржар ауданының ТЖ бөлімі