
Аудан жаңалықтары
Аймақтық медиафорум «Тілші болғым келеді!»
7 желтоқсан 2017 жылы «Қарақол орта мектеп-бақшасы» КММ-де «Тілші болғым келеді!» Таскескен аймағы бойынша жас тілшілердің медиа-форумы өтті. Оған Ақтанберді, Алтыншоқы, Тұрсабеков орта мектептері қатысты. «Тілші болғым келеді!» медиа-форумны «Шашу» биімен ашылды.
Медиа-форум төмендегідей құрылымда өтті.
1. Бейне ролик «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
2. 1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні», «СПИД – ХХІ ғасыр обасы», 10 желтоқсан – адам құқығын қорғау күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 26 жыл, «Туған жердің түлегіміз» тақырыптарында келген мектептердің тілшілері бір-бірлерінен сұхбат алды. 3. Астананың 20 жылдығына эссе жазып, қорытынды ретінде «Егер сіз тілші болсаңыз...» айдарымен түрлі тақырыпта өздерін тілші ретінде сезініп, өз ойларын еркін білдірді.
Медиа-форумның нәтижесінде І жүлделі орынды Ақтанберді орта мектебі, ІІ жүлделі орынды Алтыншоқы орта мектебі, ІІІ жүлделі орынды Тұрсабеков орта мектептері иеледі.
Медиа-форумды өткізудегі негізі мақсат өз Отанымен бірге қуанып, бірге шаттана білетін еліне адал, ардақты, білімді, сөзге шешен ұрпақты тәрбиелеу болды.