Аудан жаңалықтары

«Жомарт жүрек» жобасының жүлдегері

Елбасы Н.Назарбаевтың  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында өткізілген  облыстық «Жомарт жүрек» байқауының  қорытындысы бойынша Үржар ауданындағы «Некрасовка и К» шаруа қожалығының басшысы, облыстық мәслихаттың депутаты Мусабаев Бақтыбек Тоқашұлы «Жүректен жүрекке» аталымының жүлдегері атанды. Марапаттау рәсімі салтанатты түрде Өскемен қаласында, облыс әкімі Д.Ахметовтың қатысуымен ағымдағы жылдың 26 желтоқсан күні өткізілді.   Бақтыбек Тоқашұлы аудан көлеміндегі жомарт азаматтардың бірі. Себебі, аз қамтылған отбасыларға, мұқтаж азаматтарға, жетім балаларға көмек қолын созып, үнемі қайырымдылық көрсетіп келеді. Сонымен қатар,  басқарып отырған шаруа қожалығында 40 адамды жұмыспен қамтып,   2 жұмысшыға  баспана  әперді.

Үржар аудандық ішкі саясат бөлімі