Аудан жаңалықтары

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға өткізілетін жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімінің аппараты»  ММ-сі, 071700, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы 122, анықтама телефоны 8 (72230) 3-48-47, 3-31-63, электрондық пошта a.kuanyshpaeva@ akimvko.gov.kz: «Б» корпусының  бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына  Үржар ауданының жергілікті  атқарушы  органдары  мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

        
1. «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі, бас маман, санаты «E-R-4»  - 1 бірлік:

 Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99105  теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Азаматтық хал актілерінің сұрақтары бойынша азаматтарға кеңес береді. «АХАТ» бағдарламасына тіркеуді жүзеге асырады. Статистикалық есептерді жасақтайды. Куәлік бланкілерінің есепке алынуына, шығысталуына және сақталуына жауапты. Сұраныс хаттарға уақытылы жауап берілуін қамтамасыз етеді. Ай сайын мекемелердің сұранысына мәліметтер жолдайды. ЭСЕДО бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізеді. АХАТ мұрағаты қорының тізімін жасап, сақталу мерзімі өткен құжаттарды жоюға даярлайды. ЖАО бірлесіп халыққа құқықтық қызмет көрсетуді ұйымдастырады. ХҚКО-мен өзара қарым-қатынас жұмыстарын жүргізеді. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарастырады. Туу туралы, неке қию, әкелікті анықтау, бала асырап алу туралы акт жазбаларын тіркеу, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға Құқық» бөлімінің  «Құқықтану», «Халықаралық құқық», «Құқық  қорғау қызметі» тобының мамандықтары бойынша  рұқсат  етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

 Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. 

 Құжаттарды қабылдау мерзiмi: Құжаттарды қабылдау мерзімі ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні. Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының  2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары  2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда «Үржар ауданы әкімінің аппараты»  ММ өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат:  Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Шағым жасау туралы ақпарат: Егер конкурсқа  қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда  комиссиясының  шешімі қабылданған  күннен бастап бес жұмыс күн ішінде  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігігің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының  2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Анықтама телефондары : 8 (72230)- 3-48 -47, 3 -31- 63.