Аудан жаңалықтары

«Менің кіші Отаным»

2017 жылғы 7 қазанда Өскемен қаласы әкімдігінің №47 орта мектептің базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың облыстық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Үржар ауданының атынан  Жаңатілек ауылы Әуезов атындағы орта мектебінен тарих пәнінің мұғалімі Нугуманова Жанар Дүйсеновнаның жетекшілігімен 7,9,10 сыныптардан 5 оқушы қатысты.

10-сынып оқушысы Мусапархан Айсымбат және 9 сынып оқушысы Шерубаев Нұржан  «Үржарым-бақыт мекенім» тақырыбында ғылыми жоба жұмыстарын қорғаса, қалған оқушылар олимпиадаға қатысты. Нәтижесінде 7-сынып оқушысы Көксегенова Ақжан мен 9- сынып оқушысы Мұратхан Жайдархан жүлделі І орын иеленсе, қалған оқушыларға сертификат берілді.

 Қанжығаларына екі бірдей  І-ші орынды байлап қайтқан оқушыларға және олардың жетекшілеріне алғысымыз шексіз.