Аудан жаңалықтары

Судағы қауіпсіздік

Жүзе білу- суда өзіңнің өміріңді сақтаудың бір белгісі. Суда жүзу-өмірдегі қажетті шеберліктің бірі. Жақсы жүзе білу-судағы қайғылы жағдайға орын алдырмаудың бірден бір кепілі.
Биылғы жылдың 1-ші жарты жылдығының талдауына сәйкес ауданымызда 4 қайғылы жағдай тіркелген. Оның екеуі Алакөл көлінде орын алған, суға кеткендер жағалаудағы демалыс үйлерінде құрлыс жұмыстарын жүргізген. 2 қайғылы оқиға Ақтоғай, Көлденең өзендерінде тіркелген. Барлық қайғылы оқиғалар суға кеткендердің судағы қарапайым ережелерді сақтамауынан орын алған:
-суға спирттік ішімдіктер ішіп шомылу;
-рұқсат етілмеген орындарға шомылу;
-суық суға шомылу;
-өзеннің белгіленбеген қауіпсіз жерінен өту.
Осы болған оқиғалардың барлығы суда демалуды ұнататындар үшін суға шомылу демалыс, қуаныш қана әкелмей суқоймалардағы қарапайым ережелерді сақтамаса қайғылы жағдайларға әкеліп соғатынын ескертеміз. Осындай жағдайлар орын алып жатса сабырсыздыққа жол бермеңіз, көмекке шақырыңыз. Айқайды естігенде қиындыққа тап болған адамды құтқаруға көптеген адмдар ұмтылады. Бірақ өз өміріңді қауіпке тігіп бұны істеудің қажеті жоқ. Суға батып жатақан адамның өзіңді ұстап алмауы үшін арт жағынан жүзіп келу қажет. Көмек көрсету кезінде оған оттегінің жетіспеуін болдырмау үшін барлығына белгілі қолдан тыныс алу әдісін қолдану және міндетті түрде жедел жәрдем шақыру қажет.
Судағы болған барлық қайғылы жағдайлар жайлы жақын жердегі құтқару бекеттеріне немесе 101, 112 телефондарына қоңырау шалыңыз.


Үржар ауданының ТЖБ аға инженері
азаматтық қорғау майоры Жандос Зейнолла