Аудан жаңалықтары

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні атап өтілді

Ағымдағы жылдың 29 тамыз күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтіп, өңірдің жан-жақты дамуына ерекше үлес қосқан адамдар аудан әкімінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Салтанат барысында кәмелетке жасы толған жас азаматтарға жеке бас куәліктері салтанатты түрде табысталды.  Шараға аудан әкімі С.З.Зайнулдин, аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Б.Қарашев және аудан мекемелерінің басшылары қатысты.   

Сол күні орталық «Тәуелсіздік» алаңында аудандық мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді.  

Үржар аудандық ішкі саясат бөлімі