Аудан жаңалықтары

Мемлекеттік қызметті 3 сағатта алу!!

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласында кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін оңтайландыру мақсатында, бір ғимаратта өтініштерді қабылдап және мемлекеттік қызметтің көрсетілу нәтижелерін беруді жүзеге асырушылар арасында, қызмет алушыларды және ұйымдарды концентрациялау жолымен  ҚР Әділет Министрлігінің 2017 жылғы 12 шілдедегі №881 және ҚР ақпарат және коммуникация Министрлігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі №253 бірлесіпбекіткен бұйрықтарының негізінде АХАТ бағыты бойынша кейбір қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ арқылы ұсыну туралы пилоттық жобасы бірлескен қызмет көрсету орталығы принципі бойынша іске қосылды.

Енді 3 сағатта баланың тууын тіркеу, қайтыс болуды тіркеу және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу сияқты қызметтерді алуға болады.

Бұрын бұл АХАТ бағыты бойынша  қызметтер мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес жұмыс күндері ішінде көрсетілген – қайтыс болуды тіркеу, 2 жұмыс күні – тууды тіркеу және некені бұзуды тіркеу 2008 жылдан кейін тіркелген  күшіне енген сот шешімі негізінде.

Пилоттық жоба Департаменттің 5 бөлімінде жұмыс атқарады:

1.                «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы»департаментінің Өскемен қ. №3 бөлімінде – Белинский к-сі, 37А.

2.      «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы»департаментінің Абай аудандық бөлімінде – Қарауыл с., Құнанбай к-сі, 12.

3.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы»департаментінің Бородулиха аудандық бөлімінде – Молодежнаяк-сі,25.

4.      «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы»департаментінің Зырян  аудандық бөлімінде – Стахановскаяк-сі, 39.

5. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы»департаментінің Зырян  аудандық бөлімінде – Тәуелсіздікк-сі, 4.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 3 сағат. Сағат 17.00-ден кейін немесе сенбі күні қабылданған өтініштер бойынша мемлекеттік қызметтер АХАТ бөлімімен келесі жұмыс күнінде көрсетіледі.