Аудан жаңалықтары

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға өткізілетін барлық мемлекеттік органдарының  мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімінің аппараты»  ММ-сі, 071700, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы 122, анықтама телефоны 8 (72230) 3-48-47, 3-31-63, электрондық пошта a.kuanyshpaeva@akimvko.gov.kz   «Б» корпусының  бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына  барлық мемлекеттік органдарының  мемлекеттік қызметшілері арасында  ішкі   конкурс жариялайды.

«Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі, бас маман, санаты «E-R-4» - 1 бірлік:

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73289 теңгеден  99106 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Құрылыс қызметі туралы заңнамасының нормаларының сақтауын бақылау. Имараттар мен ғимараттардың тұрғын үй қорын ұстау және сақтау. Бюджет қаражаты есебінен сейсмикасын күшейту, қайта құру құрылысы, құрылысқа жататын имараттар мен ғимараттардың жобаларын, жобалық сметалық құжаттарын құрастыру және келісу. Аудан аумағындағы құрылыс өндірісімен шұғылданатын коммерциялық және кәсіпкерлік, өндірістік мекемелер мен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істейтін кешенді құрылысын бақылау. Аумақта құрылыс жүргізу, көркейту және инженерлік қамтамасыз ету, тұрғын-үй қорын, өзге ғимараттар мен құрылыстарды сақтау және ұстау ережелерін әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары,  мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. «Техникалық ғылымдар мен технологиялар» бөлімі бойынша мамандықтар. Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.  

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. 

Құжаттарды қабылдау мерзiмi: Құжаттарды қабылдау мерзімі ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні. Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының  2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары  2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда «Үржар ауданы әкімінің аппараты»  ММ өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат:  Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Шағым жасау туралы ақпарат: Егер конкурсқа  қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда  комиссиясының  шешімі қабылданған  күннен бастап бес жұмыс күн ішінде  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігігің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының  2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Анықтама телефондары : 8 (72230)- 3-48 -47, 3 -31- 63.