ТҮКШ және көлік

Көлік

Автомобиль жолдары

Үржар ауданы бойынша 965 шақырым автокөлік жолдары бар. Соның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 277 шақырым, облыстық маңызы бар жолдар 204 шақырым және жергілікті маңызы бар жолдардың ұзақтығы 484 шақырым.

2008 жылдан бастап республикалық маңызы бар «Таскескен-Бақты» автомобиль жолының 60-100 шақырымына қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Жобаның сметалық құны 5 432,9 млн. теңге. 2014 жылға «Таскескен-Бақты» автокөлік жолының 60-100 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстарын толық аяқтауға 797,5 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Алайда, «Таскескен-Бақты» автомобиль жолының 60-100 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстары баяу жүруіне байланысты, бөлінген қаржының 67,4 %-ы немесе 538 млн. теңгесі игерілді. Қалған 259,5 млн. теңге қаржы «Таскескен-Бақты» автомобиль жолының 60-100 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстарын толық аяқтауға 2015 жылға ауыстырылды.  

2012 жылдан бастап «Таскескен-Бақты» автомобиль жолының 20-60 шақырымдарында қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Жобаның сметалық құны 6 386 млн. теңге. 2014 жылы «Таскескен-Бақты» автомобиль жолының 20-60 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстарына 3 172 млн. теңге қаражат бөлінді. Бөлінген қаржы толығымен игеріліп, 25 шақырым автокөлік жолына асфальт жамылғысы төселді.
2014 жылы «Алматы-Өскемен» автомобиль жолының 625-639 шақырымдарына 95,2 млн. теңге қаржы бөлініп, автокөлік жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2011 жылы облыстық маңызы бар «Мақаншы-Жалаңашкөл» автокөлік жолын күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жобаның жалпы құны 1 600 млн. теңге.   2014 жылы автокөлік жолын күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 596,0 млн. теңге қаржы қарастырылып, 10 шақырым автокөлік жолын күрделі жөндеу яғни 35 шақырымға дейін толықтай аяқтау жоспарланған. Есепті жылға бөлінген қаржы толығымен игеріліп, жұмыстар толығымен аяқталды.

2014 жылдан бастап облыстық маңызы бар «Барлық Арасан –Алакөл көлі» автожолының 15,7-23 шақырымында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Есепті жылы 69 млн. теңге игеріліп, 1 шақырым жол жасалып, 5 шақырым айналма жол салынды.

Жергілікті маңызы бар жолдарға 2014 жылы 205,0 млн. теңге қаржы бөлініп, соның ішінде: қысқы күтіп ұстауға – 72,0 млн. теңге және ағымды жөндеу жұмыстарына 133,0 млн. теңге көлемінде қаржы жұмсалды. Үржар ауылындағы 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жарықтандырылды. Сол секілді, 9 көшеде тас төгіліп тегістелді. «Науалы-Көлденен» автокөлік жолына облыстық бюджеттен 54 млн. теңге қаржы бөлініп, 15-26 шақырым аралығына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарын қысқы мерзімде қардан тазалау жұмыстарына 47 дана арнайы техникалар жұмылдырылды.
2014 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде 73,8 млн. теңгеге елді мекендердің инфрақұрылымдары жақсартылды.

2014-2015 жылдардағы жылу беру маусымына барлығы 15490 тонна қатты және 40,2 тонна сұйық отын қажет етеді. Есепті жылы бюджеттік мекемелер 100 %-ға отынмен қамтамасыз етілді.
Бюджеттік мекемелерге көмір тасыған мердігерлер жалғызбасты қарттар, мүгедектер және әлеуметтік көмекке тәуелді 57 адамға арзан бағамен 4 тоннадан және 12 ҰОС ардагерлеріне тегін 4 тоннадан көмір түсіріп берді. Сонымен қатар, аудан әкімдігі мен фирма Мадина ЖШС-гі арасында жасалған меморандумның нәтижесінде, Мақаншы өңірінің әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылары 3000 тонна көмірмен қамтамасыз етілді.
Үржар ауданы аумағында 55 елді мекендердің, 34-і немесе 61,8 %-ы автобус қатынасымен қамтылған. 2014 жылы жергілікті бюджеттен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыруға 6,0 млн. теңге қаржы бөлінді.
Үржар ауылы әуежайынан аптасына 2 рет (дүйсенбі,бейсенбі,) күндері «Алматы-Үржар-Алматы» әуе бағыттары бойынша АН – 24 ұшағы жолаушыларды тасымалдауда.
Әуежайға қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін, жобалық-сметалық құжаттарын әзірленуде.

Үржар ауданы бойынша тіректі елді мекендер қатырына Мақаншы, Таскескен және Қабанбай ауылдары жатқызылған. Тірек ауылдарды дамыту үшін 2013 жылы жалпы құны 1417,0 млн. теңге тұратын барлығы 109 жоба жүзеге асырылды. Жалпы экономиканың барлық саласында Мақаншы ауылында 259,6 млн. теңгелік 46 жоба, Қабанбай ауылында 908,4 млн. теңгелік 44 жоба және Таскескен ауылында 249,0 млн. теңгелік 19 жоба іске асты.
Үржар аудандық электр желілері мекемесінің күшімен ауданның елді мекендерінің 14 шақырым 10 киловаттық, 28 шақырым 0,4 киловаттық әуе желілері мен 10/0,4 киловаттық 8 қосалқы стансаларына жоспарлы түрде ағымды және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Электр энергиясын үздіксіз беруді қамтамасыз ету мақсатында Қарабұлақ ауылынан Еміл өзеніне дейін ұзындығы 12 шақырым 10 киловаттық әуе желісі және Көктерек ауылынан Келдімұрат ауылына дейін 10 киловаттық резервтік электр желілері тартылды.

 

Парақтар өзгертілді: 04-05-2015