Денсаулық сақтау

Үржар ауданы бойынша денсаулық сақтау саласындағы негізгі көрсеткіштері

Үржар ауданы бойынша 2014 жылғы денсаулық сақтау саласындағы негізгі көрсеткіштері

Основные показатели здравоохранения Урджарского района за 2014 годҮржар ауданының халық саны 2014 жылы бойынша - 80 226 адам құрайды, оның ішінде 14 жасқа дейін бала саны -19 292, жас өспірімдер саны - 3994 , фертильдік жастағы әйелдер саны- 18 384.
Үржар ауданы бойынша 5 аурухана стационарлық көмек көрсетеді: Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасы, Мақаншы ауданаралық аурухана, туберкулезге қарсы аурухана, 2 ауылдық аурухана (Таскескен және Кабанбай ауылдық ауруханасы).

Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасы, Мақаншы ауданаралық ауруханасына қарасты 23 дәрігерлік амбулаториялар амбулаторлық көмекті көрсетуде.
8 фельдшер – акушерлік, 22 медициналық пункт дәрігерлік көмекке дейінгі көмекті көрсетуде.

Бүгінгі күні Үржар ауданы бойынша – 142 дәрігер және 1 психолог маманы қызмет атқарады, оның 89 дәрігердің санатты бар. Жоғарғы санатты – 25, І – ші санатты – 49, ІІ – ші санатты – 15. Ол 63 % құрайды.

Бүгінгі күні Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасы бойынша – 91 дәрігер және 1 психолог маманы қызмет атқарады, оның 51 дәрігердің санатты бар. Жоғарғы санатты – 15, І – ші санатты – 29, ІІ – ші санатты – 7. Ол 56 % құрайды.

Основные показатели здравоохранения Урджарского района за 2014 годБүгінгі күні Үржар ауданының ауданаралық ауруханасы бойынша – 49 дәрігер атқарады, оның 37 дәрігердің санатты бар. Жоғарғы санатты – 10, І – ші санатты – 19, ІІ – ші санатты – 8. Ол 75,5 % құрайды

«Дипломен ауылға» бағдарламасы бойынша 2014 жылы Үржар ауданына 11 жас мамандар келді, оның ішінде Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасына 7 жас мамандар келді. Келген 7 жас мамандарға жергілікті бюджет есебінен 129 640 мың көтерме жәрдемақысы және бюджеттік кредит 2 778 000 тенге беріліп, тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Денсаулық сақтау саласындағы негізгі көрсеткіштері

Статистикалық көрсеткіштер 2013жыл Көрсеткіштер 2014 жыл Көрсеткіштер Ескерту
1 Үржар ауданының халық саны 81 490 - 80 226 - -
1.1 Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасы 52 490 - 50 146 - -
1.2 Мақаншы ауданаралық ауруханасы 29 000 - 29 080 - -
2 Үржар ауданы бойынша туу көрсеткіші (1000 адамға шаққанда) 1159 13,9 1215 15,1 +56
2.1 Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасы 698 13,2 730 14,0 -
2.2 Мақаншы ауданаралық ауруханасы 461 15,8 485 16,1 -
3 Үржар ауданы бойынша жалпы өлім көрсеткіші (1000 адамға шаққанда) 779 9,0 632 7,8 -147
3.1 Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасы 512 9,7 422 8,4 -
3.2 Мақаншы ауданаралық ауруханасы 267 9,2 210 7,2 -
4 Оның ішінде қан айналымы жүйесінің аурулары (100 000 адамға шаққанда) Үржар ауданы бойынша 181 222,1 114 142,0 -67
4.1 Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасы 112 213,3 71 141,5 -
4.2 Мақаншы ауданаралық ауруханасы 69 237,9 43 147,0 -
5 Табиғи өсім 380 4,6 583 7,3 +203
6 Нәресте өлімі ( 1000 тірі туылған нәрестелерге)Үржар ауданы бойынша 26 22,4 14 11,5 -12
6.1 Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасы 13 18,6 6 8,2 -
6.2 Мақаншы ауданаралық ауруханасы 13 28,1 8 16,4 -
7 Алғашқы анықталған туберкулез аурушаңдығы (100 000 адамға шаққанда) Үржар ауданы бойынша 65 79,4 50 62,2 -15
8 Туберкулезден қайтыс болғандар (100 000 адамға шаққанда) Үржар ауданы бойынша 3 3,8 1 1,2 -2
9 Алғашқы анықталған қатерлі ісік аурушаңдығы (100 000 адамға шаққанда) Үржар ауданы бойынша 150 186,2 135 165,1 -15
9.1 Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасы 97 183,7 95 179,9 -
9.2 Мақаншы ауданаралық ауруханасы 53 190,9 40 138,0 -
10 Қатерлі ісік аурушаңдығынан қайтыс болғандар (100 000 адамға шаққанда) Үржар ауданы бойынша 70 86,9 61 74,6 -9
10.1 Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасы 51 96,6 41 77,6 -
10.2 Мақаншы ауданаралық ауруханасы 19 68,4 20 69,0 -
11 Асқынған түрде алғашқы есепке алынған қатерлі ісік аурушаңдығы 28 18,6 29 21,5 -
11.1 Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасы 17 17,5 20 21,5 -
11.2 Мақаншы ауданаралық ауруханасы 11 20,7 9 22,5 -

Осы жылды 2013 жылмен салыстырғанда нәресте өлімі 2 есе төмендеді, туу қөрсеткіші көбейіп, жалпы өлім көрсеткіші азаюда, оның ішінде қан айналым жүйесінен қайтыс болған адамдар саны азайды.
Осы жылды 2013 жылмен салыстырғанда туберкулез аурушаңдығы 15 жағдайға төмендеді, алайда туберкулез аурушаңдығы жасөспірімдер және 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелуде.

2014 жылдың Үржар ауданы бойынша сарып ауру туралы эпидемиологиялық жағдайы

Көрсеткіш 2013 жыл абсолюттік саны Аурушаңдық 100 мың халық санына 2014 жыл абсолюттік саны Аурушаңдық 100 мың халық санына
1 Сарып аурушандығы 51 жағдай 63,2 62 77,3
2 Сонын ішінде 14 жасқа дейінгі балалар 4 21,0 3 15,0
3 Жас өспірім 0 0 0 0

Осы жылды 2013 жылмен салыстырғанда сарып ауруын өршуі байқалады, 11 жағдайға өсіп тұр және 14 жасқа дейінгі балалар арасында 3 жағдай тіркелуде.
Үржар ауданының тәулік бойынша стационарда – 8443 аурулар ем алды,75 620 төсек/күндері орындалды, күндізгі стационар бойынша 7481 аурулар ем алды,49 680 төсек/күндері орындалды.

Материалдық – техникалық базаны жақсарту үшін:

Основные показатели здравоохранения Урджарского района за 2014 год2013 жылы кардиологиялық көмектің жақсарту мақсатында – кардиостандартқа сай болу үшін орталық ауруханаға 6 000 000 теңгеге алынды.
«Ана мен бала өлімін» азайту мақсатында 9 700 000 теңгеге заманауи талаптарға сай кұрал жабдықтар алынып, халықтың игілігіне жұмыс жасауда.
Орталық аурухананың тәулік бойы стационарының 1 және 2 қабаттарында күрделі жөндеу жұмыстары 50 656 мың 480 теңгеге жүргізілді , және Елтай дәрігерлік амбулаториясында 22 млн 456 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Бестерек, Барқытбел, Коктерек және Қарабұта ауылдарында жаңадан дәрігерлік амбулаториялары салынды, кәзіргі заманауи талаптарға сай жабдықталып, елді – мекенге 2014 жылдың қантар айынан бастап медициналық көмек көрсетілуде.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы 2011 – 2015 жылдарға» арналған бағдарламасы бойынша:
Ісік алды ауруларын және өңеш пен асқазан обырын, тоқ және тік ішектің ісік алды және ісік ауруларын ерте анықтауға скрининг жүргізу мақсатында видео – эндоскопиялық жүйесі: видеогастроскоп және видеоколоноскоп - 22 984 000 теңге тұрады.

Заманауи медициналық жабдықтар офтальмолог (көз дәрігер) кабинетіне - 6 700 000 теңге алынды.

Халықтың зерттеулер тексерісін жақсарту үшін және ішкі жатырдағы нәресте ақауын анықтау мақсатында АҚ «Каз МедТех» арқылылизинг ультрадыбысты зерттеу аппараты ACUSON X 300 өндіруші Корея Республикасы, 25 908 846 теңгегеалуға 2015 жылда алуы жоспарланған.

ШЖҚ КМК «Үржар ауданының ауданаралық ауруханасы» материалдық – техникалық базаны жақсарту үшін 16 006 800 теңгеге медициналық жабдықтар алынды.
ШЖҚ КМК «Үржар ауданының ауданаралық ауруханасы» бойынша Бақты ауылының дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 8 514 000 теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жасалды.
Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасының теңгерімінде бүгінгі күні 32 автокөлігі бар, оның ішінде 22 – і санитарлық автокөлік.

2014 жылдың маусым айында Жаңа Тілек, Шолпан, Мақаншы, Қарабұта дәрігерлік амбулаторияларына, Үржар ауданының орталық аудандық аурухансының жедел жәрдем бөліміне, туберкулезге қарсы ауруханасына 6 жаңа санитарлық автокөліктері облыстық денсаулық сақтау басқармасынан берілді.

Проблемалық сұрақтар:

  1. 2015 жылы ШЖҚ КМК «Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасы»
  2. Стационардың 3-4 қабаттарында және жер төлесіне күрделі жөндеу жұмыстарын бойынша жаңа кір жуу және жылу қазаңдығы салынуға жобалық – сметалық құжаттар 184 000 000 теңгеге дайындалды.
    жүргізу үшін жобалық – сметалық құжаттар 61 133,743 теңгеге және жер төлесіне 8 134,290 теңгеге дайындалды.
  3. 2015 жылы ШЖҚ КМК «Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасының» стационарында жаңа лифтің жобалық – сметалық құжаттары 10 000 000 теңгеге дайындалды.
  4. Халыққа медициналық жедел жәрдем көмек көрсету үшін 6 бірлік санитарлық автокөлік Қарақол, Таскескен, Жоғарғы Егінсу, Көкөзек, Бестерек, Алтыншоқы ауылдары қажет етеді
  5. Халыққа медициналық көмекті жақсарту үшін Үржар ауылында жаңа емхананың салынуын қажет етеді.

Бас дәрігер Ж. Тлеуберлин

Парақтар өзгертілді: 20-04-2015