Электрондық әкімдік

Электрондық қызмет орталығы

Шығыс-Қазақстан облысы Электрондық Қызмет Орталығының жұмысы туралы есеп www.e-vko.gov.kz 2007 жылғы I жартыжылдық
ШҚО мемлекеттік органдарының виртуалды қабылдауы
Виртуалды сирек кездесетін кітаптар кітапханасы
Виртуалды экологиялық мұражай

Шығыс Қазақстан облысында «электрондық әкімдік» құрудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы аясында облыс әкімінің аппараты Электрондық Қызмет Орталығын (ЭҚО) www.e-vko.gov.kz. құрды.

ЭҚО барлық азаматтар мен бизнес үшін Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік органдарының Интернет желісіндегі электрондық қызметтеріне (интерактивтік, транзакциондық және ақпараттық) бірыңғай кіру нүктесін қамтамасыз ететін Веб-портал болып табылады.

ЭҚО халықтың облыстық және аудандық мекемелерге қол жеткізуін жеңілдету, Интернет және электрондық пошта арқылы, расталған құжаттарды беруді қажет етпейтін азаматтардың сұраныстарына жедел жауап ұсыну мақсатында құрылды. ЭҚО-да өмірдің әр алуан салаларына, Шығыс Қазақстан облысының бизнес және билік органдарына қатысты кең көлемдегі ақпараттар орналастырылған. Сайт бөлімдері тақырыптамаларына тиісті атауларға ие. Мысалы, «Өмір» бөлімінде адамның әр алуан өмір кезеңдеріне тиісті қызметтерге көңіл аударылған: «Балалық шақ», «Жастық шақ», «Студенттік шақ», «Кемелді шақ», «Кәрілік шақ». Әр бөлімге өз щеңберінде сұрақтар үйлесімді: «Балалық шақ» бөліміне- «Бала бақша», «Құжаттарды рәсімдеу», «Студенттік шақ» бөліміне- «ЖОО/ООО – на тапсыру» немесе «Білм грантын жеңіп алу», «Кәрілік шақ» бөліміне- «Зейнетақы және зейнеткерлікке шығу», «Жеңілдіктер және жәрдемақылар» және т.б.

 

Парақтар өзгертілді: 17-04-2015