Электрондық әкімдік

Электрондық бағдарламасы

  Шығыс Қазақстан облысында «электрондық әкімдік» құрудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы *.doc 355.0 kB

Республикада бірінші болып Шығыс Қазақстан облысының 2006-2008 жылдарға арналған «электрондық әкімдікті» құру жеке өңірлік бағдарламасы әзірленген.

Бағдарламаның мақсаты мен тапсырмалары

Бағдарламаның негізгі мақсаты е-әкімдіктің ақпараттық инфроқұрылымын қалыптастыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану негізінде жергілікті атқарушы органдарының ақпараттық ресурстары мен жүйелеріне бизнес-құрылымдардың және халықтың қатынауын ұйымдастыру болып келеді.
Бағдарламаның мақсаттарына жету үшін келесі тапсырмаларды шешу қажет:

1) ақпараттық қоғам талаптарында жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік органдар аймақтық бөлімшелері, азаматтар және ұйымдармен қарым-қатынасын қадағалайтын тиімді нормативтік және әдістік базаны қалыптастыру;
2) жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік органдар аймақтық бөлімшелерімен, шаруашылық субъектілерімен және облыс тұрғындарымен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде қарым-қатынастар тиімділігін көтеру;
3) жергілікті атқарушы органдарының базалық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру;
4) жергілікті атқарушы органдары е-қызметін қалыптастыру және дамыту және оған тұрғындар мен бизнес құрылымдарының қатынауын қамтамасыз ету;
5) ақпараттық теңсіздікті жою және АКТ саласында білім деңгейін көтеру жұмыстарын ұйымдастыру;
6) е-үкімет инфрақұрылымы базалық компоненттерін енгізу үшін жағдай жасау;
7) е-үкіметтің типтік жобалық шешімдерін енгізу базасында жергілікті атқарушы органдарының ақпараттық инфрақүрылымын ықшамдау;  
8) ақпараттық ресурстардың және облыстың жергілікті атқарушы органдар жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
9) аймақтық бөлімшелер, әкімдіктер, кәсіпорындар және облыстық ұйымдардың өзара әрекеттестігі және жұмысын жетілдіру, ақпараттық-телекоммуникациялық қызметтер ұсыныстарының көлемін, сапасын және алуан түрлілігін көтеру мақсатында бірыңғай телекоммуникациялық инфрақұрылымдардың дамуына ықпал жасау.

 

Парақтар өзгертілді: 17-04-2015