Электрондық әкімдік

Электрондық құжатайналымның бітрұтас жүйесі

Электрондық құжат айналымы  жүйесі  іс жүргізу қызметі мен әкімшілік құжатайналымын автоматтандыру  және облыс әкімдігі бөлімшелерінің ұйымдастыру-басқару қызметіне ақпараттық қолдау үшін арналған.
Облыс әкімінің аппаратында  құрылымдық кабельді желі құрылып, электрондық құжатайналымды енгізу бойынша жұмыс ұйымдастырылған.
Облыс әкімі аппараты қызметкерлерінің жұмыс орны IBM компаниясының  «Lotus Notes» бағдарламасымен қамтамасыз етілген. Барлығы 70 жұмыс орны жабдықталған.
Әкімдік қызметкерлерінің электрондық пошта мекен-жайлары іске қосылған. Әр қызметкер жеке электрондық мекен-жайға ие және кез-келген пайдаланушымен  электрондық құжат алмасып, қарым-қатынас орнату мүмкіндігіне ие.

Облыс әкімі аппаратының  кеңсесінен электрондық құжаттарды қабылдау үшін жергілікті бюджеттің 21 облыстық департаменті жойылған клиенттік орын ретінде жүйеге қосылған. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Республикалық маңызды 24 аймақтық ұйымдар, құқыққорғаушы органдар, облыстық мәслихат  қосылған.
2007 жылдың басында жойылған қол жетімділік тәртібінде облыстың қала және аудандарының 19 жұмыс орны және Глубокий ауданы әкімі аппаратының 30 жұмыс орны жүйеге қосылды.
Таяу арада  облыстық электрондық құжатайналымы жүйесін ҚР Президенті Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесі жүйесімен біріктіру  жұмысын жүргізу жоспарлануда.

Құрметті әріптестер!

Шығыс Қазақстан облысында БЭҚАЖ енгізу жұмысының негізгі нәтижелеріне тоқтала кетуге рұқсат етіңіздер.
БЭҚАЖ жобасын енгізу мемлекет басшысының ақпараттық технологияларды мемлекеттік басқаруда кеңінен қолдану бойынша стратегиялық көрінуіде анықталғанын айта кеткен жөн.

Осы жүйені енгізу келесі нормативтік-құқықтық актілермен негізделеді, ол:
-  «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 Заңы.
- Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы.
- «Облыстың мемлекеттік органдарында Бірыңғай электрондық құжатайналымы жүйесін техникалық пайдалануға енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 19 тамыздағы № 174 қаулысы.
- «Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде, облыс қалалары мен аудандары әкімдіктерінде және облыстық басқармаларда электрондық-сандық қолтаңбаны қолдана отырып электронды құжатайналымын енгізу жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы» және басқалар.

Осы құжаттарға сәйкес БЭҚАЖ енгізу бойынша үйлестіру және басқару құрамы тұрғызылды.
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратын қадағалап, өңір деңгейінде БЭҚАЖ енгізуді үйлестіреді.
Аппарат құрылымында тікелей ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу, және де құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі облыста электрондық құжатайналымын енгізу барысы бойынша ұйымдастыру іс-шараларын жүргізетін уәкілетті құрылымдық бөлімшелер болып келеді. Облыстық және аудандық деңгейде БЭҚАЖ енгізу жұмыстарын облыстық басқармалар және облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктері жүргізеді.

Нормативтік базаға сәйкес БЭҚАЖ Шығыс Қазақстан облысында енгізудің мақсаты мен міндеттері белгіленді:
- бұл мемлекеттік органдарының іс жүргізу процестерінің тиімділігі мен мөлдірлігін арттыру

Мақсатқа сәйкес үш міндет құрылады:
- 2010 жылдың аяғында мемлекеттік органдарды БЭҚАЖ жүйесімен жүз пайыздық қамту
- 2011 жылдың аяғында қағаз құжатайналымының үлесін отыз пайызға төмендету
- азаматтар өтініштерін қарастырудың мөлдірлігін жүз пайыздық қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасында бар ведомствоаралық электрондық құжатайналымы Еуропа және ТМД елдерінде пайдаланатын ұқсас жүйеден түбегейлі айырықша.
Негізгі айырмашылығы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарында пайдаланылатын БЭҚАЖ барлық орталық мемлекеттік органдарының электрондық құжатайналымының ведомстволық жүйелерін біріктіруге және бірыңғайлауға мүмкіндік береді – бұл ведомстволық деңгеде қатысушы Министрліктер мен Агенттіктер және өңірлік деңгеде қатысушылар – Қазақстан Республикасының облыстары мен қалалары әкімдіктері.
БЭҚАЖ жүйесі облыс әкімінің аппаратында 2006 жылдан бастап жұмыс істеп тұр. 2009 жылы БЭҚАЖ жаңарту жүргізілді, анығырақ айтқанда қолданыстағы жүйе Астана қаласындағы БЭҚАЖ Орталығымен ықпалдастырылды.

Жүйені облыс мемлекеттік мекемелерінде енгізілуіне келетін болсақ, ол үш кезеңде жүргізілуде:
- облыс әкімінің аппаратында БЭҚАЖ бағдарламалық жабдықтауының жаңартылуы;
- БЭҚАЖ Шығыс Қазақстан облысының аудандық әкімдіктерінде енгізу;
- БЭҚАЖ Шығыс Қазақстан облысының басқармаларында енгізу.

БЭҚАЖ енгізудің келесі кезеңінде біз БЭҚАЖ ауылдық әкімдіктерде енгізуді жоспарлап отырмыз. Сәйкес НҚА қабылданған жағдайда біз электрондық құжатайналымына толықтай ауыса аламыз.
Облыс әкімінің аппаратында әкімдік ғимаратында құрамдалған кабель жүйесін ұйымдастыру және бағдарламалық жабдықтаумен 90 жұмыс орнын жабдықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Әкімшілік қызметкерлерінің электрондық пошта мекенжайларын іске қосу енгізілді. Әр қызметкердің өзінің жеке электрондық мекен-жайы бар және кез келген пайдаланушымен  хабарласуға және электрондық құжаттармен алмасуға мүмкіндігі бар. Қалалар мен аудандар әкімдіктерінде, облыстық басқармалар мен департаменттерде бір клиенттік орыннан орнатылған.
БЭҚАЖ өзі 4 негізгі және 6 көмекші кіші жүйеден тұрады.

Негізгі  ДҚ:

  • Кіріс құжаттары;
  • Шығыс құжаттары;
  • Заңды тұлғалардың өтініштері
  • Азаматтардың жазба өтініштері
  • Азаматтардың ауызша өтініштері
  • Қаулылар және өкімдер
  • Ұйымдастыру-басқару құжаттары;
  • ҚР бақылау секторы

 

Парақтар өзгертілді: 17-04-2015