Экономика және Қаржы

Жария ету

Жария ету

Жария ету

Жария ету

Жария ету

Жария ету

Жария ету

Жария ету

Жария ету

Жария ету

Мүлікті заңдастыру акциясы

Заңдастыр да жайлы өмір сүр!

 

 

 

Жария ету
     
Жария ету
 
Жария ету
 

 

 

  Мүлікті жария ету жалғасуда! Өз мүлкінді, капиталыңды қорға! *. doc 38 KB
  Жария ету өздігінен әлемдік тәжірибеде жаңалық емес *. doc 27 KB
  Мүлікті жария ету туралы шағын ақпарат *. doc 26 KB
  Жария ету, соның ішінде ол - мемлекеттік тіркеу рәсімін жеңілдету *. doc 30 KB
  Қазақстанда мүлікті жария ету тәртібі туралы *. doc 26 KB
  Мүлікті жария ету азаматтар үшін де, ел үшін де тиімді *. doc 26 KB
  Жауапкершілікке тартылудан қорқынышсыз мүлікті жария ету *. doc 26 KB
  Жария ету - 2014 – айырмашылықтары *. doc 28 KB
  Елдегі өткен жария ету қорытындылары *. doc 28 KB
  Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде орналасқан мүлікті жария ету *. doc 34 KB
  ШҚО тұрғыны шетелдегі мүлкін заңдастырды *. doc 30 KB
  Тұрғындардың назарына!!! *. doc 32 KB
  Мүлікті жария ету жалғасуда! Өз мүлкінді, капиталыңды қорға! *. doc 38 KB
  Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V ҚРЗ *. doc 94 KB
  "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 959 қаулысы *. doc 111 KB
     

Тұрғындардың назарына!!!

Мүлікті заңдастыру 2016 жылдың соңына дейін ұзартылды
Үржар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап, 30.06.2014ж. № 213-V «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және ҚР тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» ҚРЗ жария ету шаралары маңызды жеңілдеткен жаңа ережелер күшіне енгендігі туралы хабарлайды.
Мүлік пен ақшаны жариялау жалғасуда. Жаңа заңнама бойынша жария етілген мүлік және оны жария еткен тұлға туралы мәліметтер құпия сақталады. Тіпті бұл мәліметтер құқық қорғау органдарының сұрауына да берілмейді. Сонымен қатар мүлкін жария еткен тұлғалардың заңдастырған мүлкіне мемлекет кепілдік береді. Қазақстан Республикасының мүлікті жария ету Заңының 5-бабына сәйкес мүлікті заңдастырған тұлғалар өздерінің заңдастырған мүліктері және табыстары бойынша әкімшілік және құқықтық жауапкершіліктен босатылады.  Жеке жинағын жария еткен тұлға қаражатты есепшотқа аударып, арнайы декларация толтырған соң ешқандай салық төлемей, бес күннен кейін қажетіне жарата алады. Бұрын ақшаны бес жыл банкте ұстау міндеттелетін. Ал жинағын есепшотқа аударғысы келмейтіндер жария ететін қаржының көлемін құжатта көрсетсе де болады. Бірақ мұндай жағдайда 10 пайыз салық төлейді.

Тұрғындарды мемлекетпен берілген мүмкіндікті жіберіп алмауға шақырамыз!
Бүгін мүмкіндік бар, ертең кеш болуы мүмкін…
Сіздердің жарқын болашақтарыңыз және мүліктеріңізді қорғау
Жария етуден басталады!

Басшы орынбасары Н. Жакманова

Мүлікті жария ету жалғасуда! Өз мүлкінді, капиталыңды қорға!

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, тұрғындардың назарына «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және ҚР тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына сәйкес,  2014 жылдың 1 қыркүйегінен мүлік пен капиталды жария ету басталды (ары қарай - Заң).

2015 жылдың 13 қарашасында мемлекетіміздің Елбасымен мүлікті жария етуді іске асыру жолында жаңа тәсілдер анықталған өзгерістер және толықтырулармен Заңға қол қойылды.   
Өзгертілген Заңның күшіне енген уақытынан  бастап, мүлікті және ақша қаражаттарың жария ету тәсілдері маңызды жеңілдетілді.

Бұрын, ақша қаражаттарың жария ету екінші деңгейдегі банктер және «Казпочта» АҚ (ары қарай – қаржы ұйымдары) арқылы іске асырылатын, онда міндетті, жария етілген ақша 5 жыл ағымында қаржы ұйымдарында сақталуы талап болып табылатын, сондай-ақ, ақша қаражаттарың жария етудің шарты бойынша 10% алымның төленуі болған.

Енді, егер ақша отандық  банктердің шотына аударылса, алымның төленуі қажет емес. Осымен бірге, жария етуге қатысушыларға ақшаны жария ету тәсілдерін таңдауға мүмкіндік берілді, 1-сі –  алымның төленуінсіз банктік шотқа ақша қаражаттарын салу арқылы, 2-сі – ақша қаражаттарың банктік шотқа салмай, 10%-дық алым төлеу арқылы.

Екі жағдайда да жария ету субъектісі тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсырады.
Жария етілген ақшаны жария ету субъектісі өз қалауы бойынша жұмсауға құқылы. Яғни, ақша қаражаттарын өзгеріс енгізге дейінгі Заңға сәйкес жария етсе, және қаржы ұйымымен бес жылдық сақтуға келісім-шарт жасалса, қазір осы келісімдердің бәрі банктермен қайта қарастырылып, жария ету субъектісі жария етілген қаражатпен өз қалауымен және кез-келген уақытта қажеттіліктеріне жұмсай алады.

Сондай-ақ, мүлікті жария ету шаралары барынша жеңілдетілді.
Аумақтардағы әкімдіктердегі комиссияларға  азаматтар ҚР аумағында орналасқан және сәйкес рәсімделмеген, яғни, тіркелмеген  жылжымайтын мүлік объектілерін жария ету үшін жүгінеді.

Мемлекеттік кірістер департаменті арқылы сәйкес декларацияны тапсырып, келесі жылжымайтың мүліктер жария етуге жатады:
-  Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және басқа түлғаға немесе жария ету субъектісіне рәсімделген мүлік (мүлікті заңдастыру декларацияға қоса жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жария етілетiн мүлiкке жария ету субъектісінің меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі, басқа тұлғаның жария ету субъектісіне (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) мүлікті өтеусiз немесе өзге де нысанда меншік құқығын бергені туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі табыс етіледі);
- шет елдерде орналасқан мүлік бойынша (декларациямен қоса жоғарыда көрсетілген құжаттар көшірмесі бірге табыс етіледі) мүлік құнынан 10% алым сомасы төленгенің растатйын құжаттың көшірмесі. Сондай-ақ, мүлік құны жария ету субъектісімен өзімен анықталып, тексерілуге жатпайды.

Бұл ретте, мемлекеттік кірістер органдары  арнайы декларацияны тапсырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде себебін көрсете отырып, арнайы декларацияны қабылдаудан жазбаша бас тартуды береді.
Мемлекеттік кіріс органы жария ету субъектісіне жазбаша бас тартуды жібермеген жағдайда арнайы декларация қабылданған деп есептеледі.

ҚР аумағындағы мүлік бойынша арнайы декларация қабылданған соң, жария ету субъектісі мүлікті өтеусiз немесе өзге де нысанда меншік құқығын бергені туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесімен ҚР заңнамасына сәйкес мүлікті тіркеу үшін әділет органдарына жүгінеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдарында Заңмен қарастырылған кұжаттарды қоса табыс етіп (жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, меншік құқығын белгілейтін құжаттың көшірмесі) және арнайы декларация тапсыру арқылы ҚР аумағындағы және одан тыс жердегі бағалы қағаздарды, заңды тұлғаның жарғы капиталдында  қатысу үлесін заңдастыруға болады.

 Жария етудің қарапайым тәсілдерін есепке ала отырып, мемлекетпен берілген қолайлы жағдайды жіберіп алмай,  тұрғындарды бірегей мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз!

Қазақстан Республикасының 2014жылғы 30маусымдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарына,оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес Үржар ауданы әкімінің 2014жылғы 5қыркүйектегі «Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия құру туралы» №01-3280 өкімімен Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы комиссиясы құрылған. Мүлікті жария ету науқаны басталған күннен 7 ай ішінде Үржар ауданы бойынша жалпы соммасы 124 950 000 теңгеге 10 тұрғын үй, 52 тұрғын емес мүлік заңдастырылды. Оларды Алакөл көлі жағалауындағы демалыс үйлері, елді мекендерде салынған дүкендер мен шаштараздар және моншалар құрайды.

Комиссияға өтініш және жылжымайтын мүлікке қатысты барлық құжаттардың толық топтамасы ұсынылады. Сұрақтарыңызды мүлікті жария ету комиссиясының хатшысы Салимгереев Қуаныш Аманжолұлына 3-40-59 номеріне хабарласып немесе Аудан әкімшілігінің 204 кеңсесінен біле аласыздар.

Мекен-жайымыз: Үржар ауданы әкімшілігінің ғимараты. Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы, №122 . телефон: 3-40-59

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті МӘЛІМ ЕТЕДІ:

Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және ҚР тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы Заңының 4 бабымен, мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталып 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады деп белгіленген.
Мүлікті жария ету үшін құжаттарды беру жария ету мерзімі өткенге дейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірілмей аяқталады.
Мемлекеттік кірістер органдарында ақша, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген  мүлiк (ақшадан басқа), басқа тұлғаға немесе жария ету субъектісіне ресімделген ҚР аумағындағы мүлiк (ақшадан басқа) жария етуге жатады.

Ақшаны жария

1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктері, осындай банктердiң Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан филиалдарын қоспағанда (бұдан әрі – екiншi деңгейдегi банктер), Ұлттық пошта операторы ақшаны жария ету мақсатында жария ету субъектісінің өтініші негізінде жеке ағымдағы банктік шот (бұдан әрі – ағымдағы шот) ашады.
2. Ақша мынадай тәртіппен:
1) ұлттық және (немесе) шетел валютасында екiншi деңгейдегi банкте, Ұлттық пошта операторында ашылған ағымдағы шотқа салу (аудару) және тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы жария етілуге жатады.
Шетел валютасының тізбесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайды;
2) екiншi деңгейдегi банкте, Ұлттық пошта операторында ағымдағы шотқа ақшаны салмай (аудармай) – жария етілетін ақшаның сомасынан 10% алымды төлеу және тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы жария етілуге жатады.
Бұл ретте алым мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсырғанға дейін төленуге тиіс.
3. Жария етілетін ақшаны ағымдағы шотқа енгізген (аударған) кезде екiншi деңгейдегi банк, Ұлттық пошта операторы жария ету субъектісіне осы Заңға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізілген (аударылған) ақша сомасының мөлшерін растайтын анықтама береді.
4. Ағымдағы шотқа ақша енгізілгенін (аударылғанын) растау туралы анықтаманың көшірмесі немесе осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда – алым төленгені туралы түбіртектің көшірмесі қоса берілген арнайы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органы қабылдаған күннен бастап ақша жария етілді деп саналады.
5. Жария ету субъектілері өз қалауы бойынша жария етілген ақшаларға, оның ішінде:
1) қазақстандық қор биржасында орналастырылған бағалы қағаздарға;
2) «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында орналасқан қаржы құралдарына;
3) ҚР аумағында орналасқан өзге де активтерге инвестициялау жолымен оларға билік етуге құқылы.

ҚР аумағынан тысқары жерлердегі, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген мүлiктi (ақшадан басқа) Жария ету

1.Жария ету субъектісінің ҚР аумағынан тысқары жерлердегі, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген мүлкі (ақшадан басқа) мынадай:
1) жария етілетін мүліктің атауын, оның құнын және орналасқан жерін міндетті түрде көрсете отырып, жария ету субъектісінің өз қалауы бойынша анықталатын жария етілетін мүліктің құнынан 10% алымның төленуімен тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру шарттарының жиынтығы сақталған кезде жария етуге жатады.
Бұл ретте төленген алым арнайы декларацияда көрсетілген жария етілген мүліктің құнынан есептелген алым мөлшеріне міндетті түрде сәйкес болуға тиіс. 
2. Арнайы декларацияға мынадай құжаттар:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) жария ету субъектісінің мүлікке не басқа тұлғаның мүлікті жария ету субъектісіне бергенге дейінгі оған меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) арнайы декларацияға қоса беріледі.
Бағалы қағаздарды, қатысу үлесін жария еткен жағдайда жария ету субъектісі меншік құқығын растайтын шет мемлекеттің тиісті органы немесе ұйымы берген өзге де құжатты ұсынуы мүмкін;
3) шет мемлекеттің қолданатын құқығына немесе ҚР заңнамасына сәйкес жасалған, басқа тұлғадан жария ету субъектісіне (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) мүлікке меншік құқығын өтеусіз немесе өзге де нысанда беру туралы шарттың немесе өзге де құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
4) алым төленгені құжаттың көшірмесі.
 
Басқа тұлғаға немесе жария ету субъектісіне ресімделген ҚР аумағындағы мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету

1.Осы баптың қағидалары бойынша жария ету субъектісі басқа тұлғаға немесе жария ету субъектісіне ресімделген ҚР аумағындағы мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге құқылы. 
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлікті жария ету жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыруы арқылы жүргізіледі.
3. Арнайы декларацияға арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын мынадай құжаттар:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) жария етілетiн мүлiкке жария ету субъектісінің меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі; 
3) басқа тұлғаның жария ету субъектісіне (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) мүлікті өтеусiз немесе өзге де нысанда меншік құқығын бергені туралы ҚР заңнамасына сәйкес жасалған шарттың нотариат куәландырған көшірмесі.
Осы жағдайларда мүлік жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органы декларацияны қабылдаған күннен бастап жария етілді деп саналады.

Ұсынылатын мәліметтердің толықтығы және анықтығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.
Мүлікті жария етудің рәсіміне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес көтереді

Жария ету субъектісіне кепілдіктер және  рақымшылық жасау

Жария ету субъектілеріне:
-  құқық қорғаушы және басқа да мемлекеттік органдардың тарапынан құқықсыз іс-әрекеттеріне қосымша кепілдік;
- жария етілген мүлік тәркіленгенге жатпайды;
-  жария ету бойынша қылмыстық істер қозғауға тыйым салынады;
-  жария ету субъектісінің берілгендері салықтық және банктік құпия болып табылады;
-  мүлік пен капиталдың қалай пайда болғаны туралы сұрақсыз толық құпиялық.

Жария  ету мақсаты – мүлікті, соның ішінде ақша қаражаттарың, бағалы қағаздарды көлеңкелі экономикалық айналымнан шығаруға мүмкіндік беру, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстары мен мүліктерін жалпыға ортақ декларациялауға дайындық. 

Барлық сұрақтар бойынша жария ету субъектілерінің тұрғылықті жеріндегі мемлекеттік кірістер басқармасына жүгіну қажет.

Жария ету!!!!

Тұрғындардың назарына!!!

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап, 30.06.2014ж. № 213-V «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және ҚР тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» ҚРЗ жария ету шаралары маңызды жеңілдеткен жаңа ережелер күшіне енді. 
1. Жария етудін ерекшеліктері:
-  құқық қорғаушы және басқа да мемлекеттік органдардың тарапынан заңсыз әрекеттеріне қосымша кепілдік;
-  жария етілген мүлік тәркіленгенге жатпайды;
- жария ету бойынша қылмыстық істер қозғауға тыйым салынады;
- жария ету субъектісінің берілгендері салықтық және банктік құпия болып табылады;
-  мүлік пен капиталдың қалай пайда болғаны туралы сұрақсыз толық құпиялық.

2. Жаңа жылдан бастап ақшаны жария  ету тіпті женіл!
Өйткені мемлекет жария етілген ақшаны өз қалауларыңыз бойынша екі қарапайым тәсілмен иелік етуге бірегей мүмкіндік пен құқық береді.
1 тәсіл – оларды банктік шоттар арқылы көрсетіп, 10%-дық алымның төлеуінсіз, өзініздің кез-келген қажеттіліктеріңізге жұмсауға болады;  
2 тәсіл - 10%-дық алымды төлей отырып, банктік шотқа салмай көрсету.
Екі жағдайда жария ету субъектісі банктың анықтамасымен қоса мемлекеттік кірістер органдарына сәйкес декларация табыс етеді.

3. Мүлікті жария ету шаралары барынша жеңілдетілді!
Енді, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және басқа түлғаға немесе жария ету субъектісіне рәсімделген мүлікті заңдастыру үшін мемлекеттік кірістер органдарына жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі,
жария етілетiн мүлiкке жария ету субъектісінің меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі, басқа тұлғаның жария ету субъектісіне (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) мүлікті өтеусiз немесе өзге де нысанда меншік құқығын бергені туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі қоса отырып, декларация табыс ету жеткілікті.
Аталған құжаттар тізімі шет елдегі мүлікті жария ету үшін де қажет, сонымен қатар, мүлік құнынан 10% алым сомасы төленгенің растатйын құжаттың көшірмесі қоса табыс етіледі. Сонымен қатар, мүлік құны жария ету субъектісімен белгіленіп, тексерілуге жатпайды.

Аумақтардағы әкімдіктердегі комиссияларға азаматтар тек сәйкес рәсімделмеген (тіркелмеген) жылжымайтын мүлік объектілерін жария ету үшін жүгінеді.

Тұрғындарды мемлекетпен берілген мүмкіндікті жіберіп алмауға шақырамыз!
Бүгін мүмкіндік бар, ертең кеш болуы мүмкін…
Сіздердің жарқын болашақтарыңыз және мүліктеріңізді қорғау
Жария етуден басталады!

 

Парақтар өзгертілді: 22-12-2016