Мәдениет

Тарихи-мәдени ескерткіштер

Тарихи-мәдени ескерткіштер туралы

Аудан бойынша 73 тарихи және мәдени ескерткіштері бар.
53 тарихи және мәдени ескерткіштері орналасқан жеріне орай ауылдық округ әкімдіктерінің, аудан мектептерінің жауапкершілігіне берілген.
Оның ішінде: мемлекеттік тізімге енген 4 тарихи- мәдени ескерткіштер тіркелген:
1. Абай бюсті, ХХ ғасырдың 90 жылдары /Үржар а./
2. Азат етуші жауынгерге арналған ескерткіш, 1981 жыл /Жаңа тілек а./
3. Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жауынгерлерге арналған мемориал, ХХ ғасырдың 70 жылдары /Мақаншы а./
4. Ә.Найманбаевтың мұражай- үйі, ХХ ғасырдың 90 жылдары /Мақаншы а./
Сонымен қатар 20 кеуде мүсін /2- Кеңес Одағының Батыры мен 18- Социалистік Еңбек Ерлері/ аудан орталығындағы «Батырлар аллеясында», Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлікті еске түсіруге арналған 42 монумент 27-і елді мекен орталықтарында және 11- і мектеп жандарында орналастырылған. Жауапты мектептер мен мекемелер, ауылдық округ әкімдіктері тарапынан тарихи ескерткіштер жыл бойы: қыс мезгілінде қардан тазаланады, көктем, жаз, күз мезгілдерінде тазалық және қалпына келтіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырады.

Абай бюсті, ХХ ғасырдың 90 жылдары /Үржар а./ Азат етуші жауынгерге арналған ескерткіш, 1981 жыл /Жаңа тілек а./
   
Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жауынгерлерге
арналған мемориал, ХХ ғасырдың 70 жылдары /Мақаншы а./

   
Ә.Найманбаевтың мұражай- үйі, ХХ ғасырдың 90 жылдары /Мақаншы а./

 

Парақтар өзгертілді: 29-04-2015