Мәдениет

Кітапханалар

Үржар аудандық орталық кітапхана

«ХХI ғасыр мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры.
Бар білімнің қайнар көзі – кітапхана»
Нұрсұлтан Назарбаев.

Үржар аудандық орталық кітапхана Базарбаева Райгуль Жүкеновна

Туған жылы: 17.11.1968 ж.т.
Туған жері: ШҚО, Үржар ауданы
Білімі: жоғары,
Орталық Азия университеті, Алматы қаласы.
Мамандығы: Кітапханатану және библиография
Еңбек өтілі: 22 жыл

Еңбек жолы:
1989-1992 ж.ж. Хутор ауылдық кітапханасының аға кітапханашысы;
1992-1998 ж.ж. Жанай ауылдық кітапханасының аға кітапханашысы;
2006-2019 ж.ж. Үржар аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы, кәсіподақ комитетінің төрағасы;
2019 жылдан бастап Үржар аудандық орталық кітапханасының директоры.

Мекен-жайы:
071700, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, К.Игембаев көшесі № 46
Телефон: 8 (72230) 3-41-03, факс: 8(72230) 3-47-91.
Электрондық пошта:  cbsurdzhar@yandex.kz
web-сайт: htt://www.urdzhar.pushkinlibrary.kz
Кітапхананың жұмыс кестесі:  сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Түскі үзіліс:  сағат13:00-ден 14:30-ға дейін.
Тазалық күні: айдың соңғы күні.

Кітапхананың функциялары мен бағыттары:
Үржар аудандық орталық кітапханасы азаматтардың жеке санатына бұқаралық және мамандандырылған қызмет көрсететін кітапхана жүйесі болып табылады. Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасындағы  Тіл туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсат-міндеттерін аудан көлемінде жүзеге асыру бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.

Мекеме қызметінің мәні:
Оқырмандардың ақпараттық талаптарын қанағаттандыру;
Еліміздің мәдениет, білім беру саласында, ақпарат инфрақұрылымында маңызды әлеуметтік және коммуникативтік қызметтерді орындау.

Мақсаты:
Халыққа ақпараттық қызмет көрсетуге бағытталған мәдениет және кітапхана қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету, ақпараттық ресурстарды сақтау және пайдалану.

Мекеме көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Оқырмандарға көрсететін кітапханалық, анықтама-библиографиялық және ақпараттық қызмет аумағын кеңейту;
Электронды- ақпаратты кеңістікті одан ары дамыта отырып, кітапханалық жұмыстың жаңа әдіс-тәсілдерімен жұмыс істейді.
Кітап қорларының сақталуын қамтамасыз ету және толықтыру;
Ауылдық кітапханаларға әдістемелік, кеңестік көмек көрсету.
Бүгінгі күні кітапханаларымыздың қорлары ұлттық нақышта көркем безендірілген, электронды оқулықтармен, терең мазмұнды қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі кітаптармен толықтырылған, компьютерлермен жабдықталған. Аудан кітапханаларында жазушылардың мерейтойларына, Қазақстан Республикасындағы аталып өтілетін және еске алынатын күндерге арналып әр түрлі тақырыпта кітап көрмелері, тақырыптық сөрелер, әдеби кештер, сайыстар ұйымдастырылып, библиографиялық шолулар, танымдық, патриоттық сабақтар, денсаулық сағаттары, интеллектуалды зияткерлік ойындар, дебаттар, брейн-рингтер, флэш-мобтар, музыкалық кештер, кездесулер т.б іс-шаралар жыл бойы өткізіліп тұрады .

Кітапхана қызметі:
Кітапхана саны – 10:  (1-аудандық кітапхана , 8-ауылдық: Мақаншы, Науалы, Таскескен, Ақшоқы, Қарақол, Қарабұлақ, Қарабұта, Қабанбай,  1-Мақаншы балалар кітапханасы).
Оқырмандар саны -10634
Кітапхананың  виртуалды пайдаланушылар саны – 169
Кітапханаға келушілер саны - 92605
Кітап берілімі - 182393
Басылымдар саны – 134
Кітап қоры - 111005
Мемлекеттік тілде - 57666
Интернет жүйесі бар кітапханалар саны – 5

Кітапхана бөлімдері:  Оқырмандарға қызмет ету бөлімі; оқу залы; интернет залы; кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі.
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі
Абонемент пен оқу залының кітапханашыларына мұндай міндеттер жүктеледі:
Кітапхана процесстерін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды атқару, халыққа кітапханалық қызмет көрсету тиімділігін жоғарылату;
Оқырмандарға кітапханалық, библиографиялық, анықтамалық - ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асыру;
Болашақтағы және ағымдағы дамыту жоспарларын ұйымдастыру және әзірлеу.

Интернет залы
Ақпарат іздеудің жоғары жылдамдығы мен халыққа жедел қызмет көрсетуі - аудандық кітапханамыздың уақыт талабына сай болуға ұмтылуы болып табылады. Интернет залдарында оқырмандарға ақпараттардың жаңа түрлері, сонымен қатар бейнематериалдар, мультимедиалық басылымдар, интернет ресурстары ұсыналады. Бөлім  ақпаратты сканерден өткізу, теру, басу, электронды тасымалдаушыларға жазу сияқты қызметтерді тегін көрсетеді. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылған, egov прогаммасымен жұмыстар атқарылады.

Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі
Кітап қорын толықтыру жұмыстарын ұйымдастыру, құжаттар бойынша сұранысттарды орындау және кітапханаларға жеткізу.  Әдебиеттерді редакциялау, жаңа әдебиеттерді қабылдау, есепке алу. Жаңа кітаптар туралы ақпаратты «ИРБИС» электрондық бағдарламасына еңгізу. Жылына бөлімге 4 000-нан астам жаңа кітап келіп түседі, ИРБИС программасына 10575 кітап туралы ақпарат енгізілді.

Онлайн орталықтары
Үржар аудандық және Мақаншы, Науалы, Таскескен ауылдық кітапханаларында БҰҰ даму бағдарламасы аясында ашылған онлайн-орталықтары жұмыс істейді. Мақсаты: ауыл тұрғындарына , жұмыссыз жастарға, сондай - ақ тұрғындардың осал санатына ақпараттық қолдау көрсету;
Онлайн орталықтарында тегін заңгерлер кеңесі жұмыс істейді. Азаматтық құқықтарыңыз бойынша сұрақтарыңызға А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың заңгерінен онлайн жауап ала аласыздар.
Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  2019 жылы Мақаншы ауылдық кітапханасында «Bilim Ortalygu» ашылды.
Үржар аудандық орталық кітапханасы және ауылдық кітапханалары қызметкелерінің құрамы: Г.Кожагулова, Т. Абдрахманова, К.Казембекова, Т.Есимова, Е.Зиятхан, С.Шарыкбаева, Б.Амренова, Р. Мержанова, Б.Шапиева, Г.Акжигитова, А.Жумадилова, А.Алтынбекова, Н. Кантарбаева, Г. Идришова, А. Жумагулова, А. Дайырбекова.

  • Үржар аудандық орталық кітапхана
  • Үржар аудандық орталық кітапхана
  • Үржар аудандық орталық кітапхана
  • Үржар аудандық орталық кітапхана
  • Үржар аудандық орталық кітапхана
  • Үржар аудандық орталық кітапхана
  • Үржар аудандық орталық кітапхана
  • Үржар аудандық орталық кітапхана
  • Үржар аудандық орталық кітапхана
  • Үржар аудандық орталық кітапхана
Парақтар өзгертілді: 24-06-2019