Әкім аппараты

Персоналды басқару қызметі

Бапинова Майра Мұхаметжанқызы

Үржар ауданы әкiмi аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы – Бапинова Майра Мұхаметжанқызы

28.02.1966 жылы Семей облысыҮржар ауданының Үржар ауылында туған.  1990 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
1990-1996 жылдары Семей технологиялық институтында кадр бөлімінің бастығы-заңгер, 1996-2001 жылдары Семей Қаржы институтында  кадр бөлiмiнiң бастығы - заңгер,  2001-2002 жж. ШҚО сот әкімшілігі Көкпекті аумақтық сот  орындаушысы,  2002-2004 жж.ШҚО әділет басқармасы  Көкпекті ауданының АХАЖ бөлімінің бастығы,  2004-2007 жылдары ШҚО Әдiлет Департаментi Көкпектi ауданының Әдiлет басқармасының бастығы болып қызмет еткен. 2007-2008 жж. Үржар ауданы әкімі аппаратының кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстары бөлімінің меңгерушісі, 2008-2013 жж. Үржар ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық бөлімінің меңгерушісі, 2013 жылдан бастап Үржар ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы. 2016 жылдан бастап қосымша әдеп жөніндегі уәкіл.

Бөлімнің негізгі функциялары мен бағыттары:
1. Персоналды басқару  қызметі (кадр қызметі) өз құзыреті шегінде:
1) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіреді;
2) тәртіптік, аттестаттау, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады;
3) аттестаттауды және конкурстық іріктеуді жүргізу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бойынша жоғарылату, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметінен босату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдейді;
5) мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді;
6) мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, оқуын, қайта даярлығын (қайта мамандануын) және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу түрлерін және оларды қолдану тәртібін әзірлейді;
7) мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдық жағынан дербес болады, жауапты хатшыға немесе аппарат басшысына, ал жауапты хатшы және аппарат басшысы лауазымы енгізілмеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік органның басшысына тікелей бағынады.
3. Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, аудандарда, қалаларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес персоналды басқарудың бірыңғай қызметін (кадр қызметін) құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, қалалық атқарушы органдардың персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешімімен құрылады.
Орталық мемлекетті корганның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесінде персоналды басқарудың бірыңғай қызметін (кадр қызметін) құруға жол беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелердің персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімі мен немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.

Жұмыс уақыты:сағ. 09-00 -ден 18-30-ға дейін
Телефоны: 8 (722 30) 3-48-50
Бөлiм мамандары: 8 (722 30) 3-48-47, факс: 3-31-63
Мекен-жайы: ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылай хан 122.

 

Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі  

Аты жөні Қызметі Жұмыс телефоны Электрондық адрестері
Бапинова Майра Мұхаметжанқызы Бөлім басшысы 872230 -3-48-50 m.bapinova@akimvko.gov.kz
Сулейменова Назигуль Токтасыновна Бас маман 8722303-31-63 n.suleimenova@akimvko.gov.kz
Қуанышпаева Айнаш Тлеуханқызы Бас маман 8722303-48-47 a.kuanyshpaeva@akimvko.gov.kz
Жақанова Әсем Болатқызы Бас маман 8722303-48-47 a.zhakanova@akimvko.gov.kz

 

Парақтар өзгертілді: 30-10-2017