Әкім аппараты

Урджар ауданы әкімі аппараты

«Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттiк мекемесі туралы ереже *.doc 45.5 kB

 

Сейтқанов Құсайын Бейсенұлы

Үржар ауданы әкiмiнiң орынбасары - Сейтқанов Құсайын Бейсенұлы

Сейтқанов Құсайын Бейсенұлы 1961 жылы Қытай Халық Республикасы, Шәуешек қаласында дүниеге келген. 1968 жылы Үржар ауданының Науалы ауылындағы В. Маяковский атындағы орта мектеп табалдырығын аттаған. 1979-1981 жылдар аралығында Совет армиясында әскери борышын өтеген. 1983 жылы Алматыдағы энергетикалық институтына түсіп, 1987 жылы инженер мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Нұр Отан ХДП мүшесі, Ерең еңбегі үшін мемлекеттік награданың иесі. Үйленген. 3 баланың әкесі.

Функционалды міндеттері:
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

Аудандық экономика және бюджетті жоспарлау, қаржы, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, салық комитетінің, қазынашылық, екінші дәрежедегі банктер, статистика, халыққа қызмет көрсету орталығы, зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының аудандық бөлімшесі, жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық бөлімшесі, өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметін үйлестіреді. Аудандық бюджеттің кіріс бөлігін, шағын және орта бизнес субъектілерімен, өнеркәсіп кәсіпорындарымен өзара қызметті қамтамасыз етеді. Бюджетке жергілікті салықтардың түсуін қадағалау. Дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру бойынша комиссияларға,кәсіпкерлік жөніндегі эксперттік кеңеске, инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша аудандық штабқа, бюджет қаражатын игеру бойынша жұмыс тобына,әрекетсіз кәсіпорындар бойынша жұмысқа басшылық жасайды. Перспективалық жоспарлау, болжау, аудандық бюджеттің кіріс бөлігінің түсімі мен шығыс бөлігінің орындалуын, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын, мемлекеттік сатып алу туралы ағымдағы заңнамалардың орындалуын қамтамасыз етеді..

Қабылдау уақыты:
Әр айдың ІІ-ші аптасының бейсенбісі
09-00 - 12-00 дейін

Телефоны: 8 (722 30) 3-37-79
Қабылдау бөлімі: 8 (722 30) 3-38-58
факс: 8 (722 30) 3-48-54
Электрондық пошта: akim@urzhar.vko.gov.kz
Мекен-жайы: ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылай хан даңғылы 122

Байсабыров Жарқынбек Борашұлы Үржар ауданы әкiмiнiң орынбасары - Байсабыров Жарқынбек Борашұлы

1969 жылы 9 тамыз күні Семей облысы, Үржар ауданы, Бірінші Май ауылында дүниеге келген. Қазақ. Білімі жоғарғы. 1992 жылы Семей зоотехникалық – малдәрігерлік институтын малдәрігерлік мамандығы бойынша және 2008 жылы М.О. Әуезов атындағы Семей университетін бітіріп, экономика бакалавры мамандығын алды. Еңбек жолын 1992 - 1996 жж. Семей облысы, Үржар ауданы, Бірінші Май ауылы, Калинин колхозының санитарлық емдеу пунктінің меңгерушісі болып бастаған. 1996-1998 жж.Үржар ауданы, Бірінші Май ауылы, 1-май ЖШС-нің меңгерушісі, 1998-2004 жж.Үржар ауданы, Бірінші Май ауылы, Ерасыл шаруа қожалығының басшысы, 2004-2006 жж.Үржар ауданы, Бірінші Май ауылы, Некрасовка ауылдық округі әкімі, 2006-2008 жж.Үржар ауданы, Жоғарғы Егінсу ауылыдық округінің әкімі, 2008 жылдың сәуірінен Үржар ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл мерекелік медалімен марапатталған. Үйленген. 4 баланың әкесі.

Функционалды міндеттері:
Қазақстан Республикасы Президентінің мен Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Аудандық ауылшаруашылығы және ветеринария, құрылыс, сәулет және қалақұрылысы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары, жол мекемелерінің, көлік, байланыс және теллекоммуникация, жол шаруашылығы және жолдарды пайдалану, отын-энергетикалық кешені, коммуналдық шаруашылық, агроөнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты қорғау бағдарламаларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді; ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары, ауылшаруашылығы және ветеринария, төтенше жағдай жөніндегі комиссиялар, экология және биоресурстар, жер қатынастары, жер инспекциясы, шаруа қожалықтары ассоциациясы, аудандық өрт сөндіру салаларының мәселелерін реттейді. Жерді орналастыру және жерді пайдалану, мелиорация және су шаруашылығы, жануарлар және өсімдік әлемі, ауылшаруашылық кәсіпорындарын материалдық-техникалық жабдықтау, шаруа қожалықтарын дамыту, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-мәдени қамтамасыз ету шараларын белгілейді.

Қабылдау уақыты:
Әр айдың ІІІ-ші аптасының бейсенбісі
09-00 - 12-00 дейін

Телефон: 8 (722 30) 3-37-78
Қабылдау бөлімі: 8 (722 30) 3-38-58
Факс: 8 (722 30) 3-48-54
Электрондық пошта: akim@urzhar.vko.gov.kz
Мекен-жайы: ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылай хан даңғылы 122

Арман Мұқтарқанұлы Искаков Үржар ауданы әкiмiнiң орынбасары 

Функционалды міндеттері:
Қазақстан Республикасы Президентінің мен Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Аудандық ішкі саясат, білім, мәдениет және тілдерді дамыту, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, мұрағат, мұражай, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемелерінің қызметін үйлестіреді.
Аудандағы реформаларды ақпараттық қамтамасыз ету, әлеуметтік –саяси үрдірістерді зерделеу және болжау, жастар саясатын өткізу, мәдениет, шығармашылық одағтар, туризм және спортты дамыту мәселелерін үйлестіреді. Мектепке дейінгі орта, бастауыш, кәсіби білім беру, кәсіптік мектептердің, әлеуметтік мәдени сала мекемелерімен ағымдағы заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Жастарды әскери қызметке шақыру, алғашқы әскери дайындық және әскери дайындық және әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелері, аудандық әскери комиссариатпен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты жүзеге асырады. Бұқаралық ақпаратты құралдармен, облыстық телерадиокомпаниясымен, облыстық, аудандық газеттер редакцияларымен, баспада және басқа ақпарат құралдарында қызметті қамтамасыз етеді, қоғамдық, саяси ұйымдармен діни бірлестіктермен өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады.

Қабылдау уақыты:
Үржар ауылында - әр айдың IV аптасының сейсенбісі, сағ. 10-00-ден 13-00-ге дейін
Мақаншы ауылында - әр айдың III аптасының сейсенбісі, сағ. 10-00-ден 13-00-ге дейін
Таскескен ауылында - әр айдың I аптасының сейсенбісі, сағ. 10-00-ден 13-00-ге дейін

Телефон: 8 (722 30) 3-37-80
Факс: 8 (722 30) 3-48-54
Электрондық пошта: akim@urzhar.vko.gov.kz
Мекен-жайы: ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылай хан даңғылы 122

Қараталов Найманғазы Сейткеұлы

Үржар ауданы әкiмi аппаратының басшысы - Қараталов Найманғазы Сейткеұлы

1955 жылдың 14 қазанында Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1980 жылы Семей мал дәрігерлік зоотехникалық институтын «Зоотехник» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1973 жылы Семей облысы, Ақсуат ауданы, «Комсомол» кеңшарының жұмысшысы қызметінен бастады. 1980-1981 жж. Семей облысы, Ақсуат ауданы, «Комсомол» кеңшарының №2 ферма зоотехнигі. 1981 – 1984 жж Семей облысы, Ақсуат ауданы, «Комсомол» кеңшарының комсомол комитетінің хатшысы. 1984 – 1986 жж. Семей облысы, Ақсуат ауданы, «Комсомол» кеңшарының бас зоотехнигі. 1986 – 1987 жж. Семей облысы, Ақсуат ауданы, «Комсомол» кеңшарының кәсіподақ комитетінің төрағасы. 1987 – 1988 жж. Семей облысы, Қазақстан КП Ақсуат аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы. 1988 – 1991 жж. Семей облысы, «Ақсуат» кеңшары партия комитетінің хатшысы. 1991 – 1994 жж. Семей облысы, Ақсуат ауданы, Екпін ауылдық Кеңесінің төрағасы. 1994 – 1997 жж. Семей облысы, Ақсуат ауданы, Екпін ауылдық әкімшілігінің іс басқарушысы. 1997 – 2003 жж. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Екпін ауылдық округінің әкімі. 2003 – 2007 жж. Шығыс Қазақстан облысы,Тарбағатай ауданы әкімінің аппарат басшысы. 2007 – 2008 жж. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары. 2008 – 2010 жж. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы әкімінің кеңесшісі, 2010-2013 жж. Зайсан ауданы әкімінің аппарат басшысы. 2013 жылдың 4 қарашасынан Үржар ауданы әкімінің аппарат басшысы қызметіне тағайындалды.
Жанұялы, 3 бала өсірген ұлағатты әке.

Функционалды міндеттері:
Қазақстан Республикасы Президентінің мен Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Аудан әкімі аппаратынының жұмысын ұйымдастыру. Аудан әкімдігі отырыстарын мәселелерді дайындау жөніндегі аудандық атқарушы органдардың қызметін жоспарлауға, үйлестіруге аудан әкімдігінің жұмыс жоспарының орындалуына бақылау жасайды. Аудан әкімінің шешімдерін, өкімдері мен қаулыларын, тапсырмаларын орындау бойынша ауыл әкімдерінің, аудандық бөлімдерінің қызметтерін үйлестіреді. Аудан әкімінің облыс әкімінің аппаратымен байланысын қамтамасыз етеді және олардың тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады. Аудан әкімі аппаратының бөлімдері: персоналды басқару, ұйымдастыру, кеңсе, қаржы-шаруашылық, заңгерлік және мемлекеттік-құқықтық бөлімдері қызметтерінің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды. Аппарат қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды, іссапарға, еңбек демалысқа жібереді, жұмыстан босатады. Өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады.

Телефоны: 8 (722 30) 3-48-60
факс: 8 (722 30) 3-48-54
Электрондық пошта: portal@urzhar.vko.gov.kz
Мекен-жайы: ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылай хан даңғылы 122.

Парақтар өзгертілді: 26-07-2017