Әкім

Өмірі

 

С уважением,
аким Урджарского района - Зайнулдин Серик Зинабекович

Зайнулдин Серік Зинабекұлы Зайнулдин Серік Зинабекұлы

Зайнулдин Серік Зинабекұлы 1964 жылғы 25 ақпанда Зайсан ауданының Зайсан қаласында туған. 1981 жылы Айнабұлақ орта мектебін тәмамдады. 1981-1986 жылдары – Семей зооветеринарлық институты зоотехникалық факультетінің студенті. 1986-1991 жылдары Зайсан ауданындағы «Айнабұлақ» кеңшарында бас зоотехник болып жұмыс істеді. 1991-1993 жылдары – «Айнабұлақ» кеңшарының директоры, 1997 жылға дейін - аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы. 1997-2004 жылдары Серік Зинабекұлы Зайсан ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық мәселелеріне басшылық ететін орынбасары, 2004-2005 жылдары Зайсан ауданы әкімінің міндетін атқарушы қызметінде болды. 2007-2010 жылдары Катонқарағай ауданының әкімі, 2010 – 2013 жылдары Зайсан ауданының әкімі қызметтерін атқарды. 2013 жылдың 28 маусымында Үржар ауданының әкімі болып тағайындалды.

Әкім блогы

Функционалды міндеттері:

Ауданның экономикалық және әлеуметтік даму мәселелері бойынша мекемелер: комитеттердің, кәсіпорындар мен ауылдық округ әкімдерінің іс-қызметтеріне басшылық жасау, үйлестіру. Аудан экономикасын реформалау, іс-қимылын қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік актілерін жүзеге асырудағы перспективалық және ағымдағы міндеттерді шешу. Аудан бюджетін түзуге басшылық және оның орындалуын бақылау, еңбекақы, ақша айналымы және несиелеу, перспективалық болжам, өндірістік күштерді, материалдық-техникалық, еңбек қорларын бөлу және тиімді пайдалану. Прокуратурамен, аудандық сотпен, ішкі қауіпсіздік және қоғамдық-саяси тұрақтылық мәселелерін шешуде ұлттық қауіпсіздік департаментімен өзара қимылды және үйлесімді іс-қызметті қамтамасыз ету, құқық тәртібін, атқарушылық тәртіпті, сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күресті нығайту, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың ахуалы. Аудан әкімдігінің мәселелері. Мемлекеттік наградалармен марапаттау, тиісті адамдарға құрметті немесе басқадай мәртебелі атақтар беру жөнінде облыс әкіміне ұсыныстар түсіреді. Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіппен аудан әкімінің орынбасарларын, аппарат жетекшісін, ауылдық округ әкімдерін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын органдарының басшыларын лауазымдық қызметке тағайындайды және босатады. Басқару құрылымын оңтайландыру, кадрларды іріктеу және орналастыру, әкімшілік-аумақтық құрылым, жер қатынастарын реттеу.

Қабылдау уақыты:
Әр айдың І-ші аптасының бейсенбісі
09-00 - 12-00 дейін

Қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (722 30) 3-48-48
Факс: 8 (722 30) 3-48-54
Электрондық пошта:akim@urzhar.vko.gov.kz
Мекен-жай: ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы,Абылай хан даңғылы 122

 

Парақтар өзгертілді: 29-09-2015