Жаңалықтар
БАЛАЛАРҒА БАҚЫТ СЫЙЛАҒАН – «ҮРЖАРАЙЫМ»
16/06/2010
Алакөл деп аталатын көптеген су «ойпаттарының» қасынан атақты Ұлы Жібек жолы өткені белгілі. Сол кездің өзінде-ақ саяхатшылар ауыр жолдан кейін көл жағалауында демалған кезде, көл суының қандай да бір таңғажайып жолмен күшті қалпына келтіретінін және денсаулықты бекітетінін байқаған. Адамдарда өзінен-өзі аяқтарындағы жаралар кетіп, денелеріндегі жаралар тез жазылып, радикулитпен ауыратындар белдегі ауруды ұмытқан. Заманауи медициналық зерттеулер көл суының емдік қасиетін дәлелдеген. Алакөлдің теңіз тынысы даланың құрғақ та, ыстық иісімен араласып қоршаған ортаға жағымды әсер етеді.
Сонымен қатар, археологтардың айтуынша, Шығыс Қазақстанның қартасындағы бұл ерекше орын қазіргі күнге дейін құстар тайпасы үшін өзіндік «Жібек Жолы» болып табылады. Құстар солтүстіктен оңтүстікке қозғалысы кезінде осы жерге демалу үшін тоқтайды. Бұл жер құстар үшін нағыз жұмбақ. Мұнда құстардың қандай түрі бар десеңізші... Олардың ішінде сирек кездесетіндер де бар: үш жүз қанаттының ішінде 38-і Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі халықаралық одақтың Қызыл кітабына енгізілген. Мысалы, реликті шағала, қызғылт және бұйра бірқазандар, ақ құтандар, қара құтандар...
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданына қарасты осы Алакөл жағажайында орналасқан «Үржарайым» балалар лагері 4 жыл көлемінде аудан мектебінің оқушыларына жазғы уақытта қызықты да тартымды демалыс сыйлап келеді. Аталмыш лагерь аудан әкімі Бауыржан Жанақовтың қамқорлығы арқасында екі жылдың көлемінде «Алакөл» демалыс айлағында жемісті жұмысын жалғастыруда.
Өткен 2008-2009 оқу жылының жазғы демалысы уақытында аудан мектептерін 700-дей оқушы демалса, олардың 70 пайызы әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұяның балалары тегін демалды. Балалар тамаша жазғы сыйлығы үшін аудан әкіміне өздерінің ризашылығын білдірді.
Биылғы оқу жылында Үржар ауданының әкімі Бауыржан Торғайбекұлының тікелей араласуымен қосымша екі қабатты төрт ғимарат ауданның әр түкпірінен демалуға келген оқушыларға өз қызметін көрсетеді. Оның екі ғимараты осы жақын арада қабылданып алынса, қалған екі ғимарат шілде айында пайдалануға берілмек. Сол себепті де биылғы жазда демалатын оқушылар саны екі еседен асып, 1500 оқушыға жеткелі отыр.
«Үржарайым» лагерінде демалатын оқушылар бүгінгі күнгі талабына сай жабдықталған ғимараттарда демалып, оларға аудан мектептерінен жинақталған біліктілігі жоғары тәрбиешілер мен тәлімгерлер жұмыс жасамақ.
Аудан басшысының айтуынша әр бала Алланың берген тамаша табиғатын қызықтап, балалық шақтары жарқын есте қалатындай жазғы демалысты дұрыс пайдаланып, жақсы демалу керек дейді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.









